12.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

«ЗАҢ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫ – ЗАҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Бүгін Шымкент қаласы Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабында орналасқан мәдениет үйінде «Заң керуені» акциясы өтті. ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен республика көлемінде өтіп жатқан бұл акцияның мақсаты – жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту. Іс-шараға Шымкент қаласының прокуратурасымен қатар барлық құқық қорғау және мемлекеттік органдардың мамандары қатысып жатыр.
–Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бүгінде жаңа Қазақстан мен әділетті қоғам құру бағытында ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Соның ішінде Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың маңызы зор. Әділетті қоғам орнатудың басты алғышарты заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. Сол себепті Шымкент қаласының прокуратурасы халықпен тікелей байланыс орнатып, қоғамдағы ең өзекті мәселелермен танысып, олардың заң аясында шешімін табуына ықпал етіп отырады, – дейді Шымкент қаласы прокурорының орынбасары, аға әділет кеңесшісі Берген Ержаппар.
Б.Ержаппар бүгінгі «Заң керуені» акциясы соның тағы бір көрінісі екенін айтады.
–Бүгін халықпен тікелей кездесе отырып, қоғамдағы өзекті мәселелерді азаматтардың өз аузынан естіп жатырмыз. Кейбір келеңсіз жағдайлар, заңсыздықтар орын алып жатқан болса, осында жиылған тиісті құқық қорғау және мемлекеттік органдармен бірлесе отырып дереу проблеманы шешуге болады. Сонымен қатар кейбір азаматтарға заң талаптары түсіндіріліп, құқықтық кеңес беріліп жатыр, – дейді қала прокурорының орынбасары.
Оның айтуынша, акция аясында шешілмеген күрделі мәселелер Шымкент қаласы прокуратурасының бақылауына алынып, толық тексеріліп, зерделеніп, тиісті іс-шаралар қолданылады.
Шымкент қаласының Қаратау ауданында «Заң керуені» акциясы 3 күн бойына жалғасады.
Сонымен қатар Шымкент қаласының прокуратурасында азаматтарды қабылдау орталығы тұрақты түрде жұмыс істейді. Ол жерге кез келген азамат барып, кезекші прокурорға өзінің сұрағын қойып талаптары мен арыздарын жеткізе алады. Сонымен қатар қала прокуроры, прокурордың орынбасарлары мен басқарма бастықтары азаматтарды қабылдауға дайын.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

Қасым-Жомарт Тоқаев:

smarttop

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА БИЫЛ 28 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

smarttop

АДАМ ПАПИЛЛОМА ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЛАУ БАСТАЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру