3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

СУ БАСУ ҚАУІПІ БАР АЙМАҚТАР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Толассыз жаңбырдан су жиналған орындар дер кезінде тазалануда.Шымкент қаласында 25-26 қазан күндері толассыз жаңбыр жауды. Соның салдарынан қаланың кейбір жерлерінде жауын-шашын суы жиналып қалды. Осыған орай арнайы кезекші бригадалар құрылып, жиналған су дер кезінде арнайы техникалармен сорылып, тазаланып жатыр.
Кезекші бригадалар төрт аудан бойынша жедел жұмыс істеп жатыр. Абай ауданы бойынша 15 техника 30-дан астам жұмысшы жұмылдырылған. Әл Фараби ауданында жаңбыр суын сору жұмыстарын 8 техника 30-дан астам адам үйлестірді. Осындай жұмыстарға Еңбекші ауданында 40 техника мен 230-ға жуық жұмысшы атсалысса, Қаратау ауданында 15 техника, 4 мотопомпа және 50-ке жуық жұмысшы қызметкерлер жұмылдырылды.
Жауапты органдардың мәліметі бойынша, қазіргі таңда тұрғын үйлерге су басу қауіпі жоқ, жағдай мамандардың тұрақты бақылауында.

Күзгі ауа-райының күрт өзгеріп, жауын-шашынды болуына байланысты Шымкентте қауіпсіздік шаралары жіті бақылауға алынуда. Ал 25-26 қазан күндері жауын-шашын салдарынан Абай ауданнның бірқатар аумақтарында су басу оқиғалары тіркелді.
Нақтырақ айтар болсақ, 7 елді мекенде, 11 көшеде және «Қарасу» өзені арнасының суға толу жағдайлары орын алды.
Су сорғыштардың күйіп кетуіне байланысты Бекжан, Колостағы көпірлердің асты суға толды. Орын алған келеңсіздіктер дер кезінде жойылды.
Бұл жұмыстарға «Build Stroi» ЖШС арнайы 15 техника су тартатын және 30-ға жуық жұмысшы қызметкерлер және Төтенше жағдайлар департаментінің 2 су тартатын мотопомпа жұмылдырылды.
Қазіргі таңда тұрғын үйлерге су басу қауіпі жоқ. Аудан әкімдігі тарапынан су шаю орындары мен қауіпті аумақтарда арнайы кезекші бригадалар ұйымдастырылып, жағдай тұрақты бақылауда.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Ұқсас ақпараттар

АЙТЫСКЕРЛЕР ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫН КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАДЫ

smarttop

Жайылымнан жоғалған 20-дан астам ұсақ мал иесіне қайтарылды

smarttop

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру