Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: «ЖАСТАР» БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

🔷 Шымкент қаласы бойынша 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарламаға өтінім қабылдау басталады. Қабылдау 2023 жылдың 8 қараша күні сағат 9:00-ден 10 қараша сағат 19:00 аралығында жүргізіледі.

🔷 «Жастар» бағдарламасына қатысушыларға қойылатын басты талаптар:

– Жасы 35 жасқа толмаған жұмыс істейтін жас болуы тиіс;
– Өтінім берушінің соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасы аумағында иелігінде тұрғын үй тіркелмеуі;
– Өтініш берушінің Шымкент қаласында соңғы 3 жылда тұрақты тіркеуде болуы, сонымен қатар, өтініш берушінің отбасы мүшелерінің осы елді мекенде тұрақты тіркелуі;
– Өтініш берушінің ай сайынғы табысы 40 АЕК-тен (138 000 теңге) асуы шарт.

🔷 Айта кетейік, бағдарламаға қатысушылар «kezekte.kz» электронды порталында электронды цифрлық қолтаңбасы арқылы өтініш бере алады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Ішкі істер органдарында 25 жыл қызмет еткен ардагер полицейлер марапатталды

smarttop

СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АЙМАҚТАРДА КЕЗЕКШІ БРИГАДАЛАР ЖҰМЫС ЖАСАП ЖАТЫР

smarttop

НОВОЕ ЗДАНИЕ СПОРТИВНОЙ ШКОЛЫ ОТКРЫЛИ В ШЫМКЕНТЕ

smarttop

Пікір қалдыру