Шымкентте “Отбасылық сот: Даму перспективалары мен проблемалары” атты дөңгелек үстел өтті. Оған Шымкент қаласының әкімдігі, қалалық сот төрағасы, қалалық алқа төрағасы, қалалық сотының судьясы, Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың төрағасы, аудандық соттарының судьялары, «Право» қоғамдық қорының мүшелері, Әділет департаменті, Білім басқармасы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, «Бақытты жанұя»орталығы» КММ, жаттықтырушы-медиаторлар, кәсіби медиатор-тәжірибеші, адвокаттар және бала құқықтары жөніндегі уәкілдері қатысты.
Өмірлік қиын жағдайға тап болған немесе зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасы мен балалары бар аналарды қолдау – қоғамдағы өзекті мәселенің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та осы проблеманы ерекше назарға алып, елімізде отбасы құндылығын сақтау, бала тәрбиесіне көңіл болу керегін айтқан болатын. Осыған орай, елордада «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» қанатқақты жобасы мен 2022 жылғы мемлекеттік және әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыс аз емес. Іс-шараға қатысушылар солардың негізгілеріне тоқталды.
Отбасы және екі азамат арасындағы түсініспеушіліктен туындаған дау-дамай бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Осы тұста азаматтарды ортақ келісімге шақырып өзекті мәселелерін шешуіне көмек көрсететін медиаторлармен адвокат мамандарының рөлі орасан зор.
Дөңгелек үстел барысында қоғам арасындағы, отбасы арасындағы дау-дамай, келіспеушіліктерді алдын алу, бітімгершілік келісімге келу, екі араны татуластырып ортақ шешімге келуіне көмек көрсету секілді түрлі проблемаларының шешілу жолдары жан-жақты талқылады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі