Шымкенттің Абай ауданына қарасты 3,4,8 шағын аудандарында 77 көп қабатты үй бар. Халық саны 15296 адамды құрайды.
Бүгінде шағын аудандар, сапалы ауыз су, табиғи газ, электр қуатымен толық қамтамасыз етілген.
Шағын аудандардағы көшелерге толығымен асфальт жабыны төселген . Жарықтандырылған көшелер саны-3.
Шаһар басшысы 6 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы жоспарларды баяндады. Әлеуметтік-экономикалық даму мен инженерлік-инфрақұрылыммен қамтылу жұмыстарының барысынан хабардар етті.
Сонымен бірге әкім 16 елді мекенде электр энергиясының сапасы төмен екенін айтып, осыны жою мақсатында биыл осы салада 14 нысанның құрылысы басталғанын мәлім етті. Халықты сапалы электрмен қамту мәселесі 2025 жылы толығымен шешіледі.
Ал, 33 елдімекен табиғи газбен жартылай қамтылса, 8 елдімекенге газ тартылмаған. Газ тарату станцияларының қуаттылығы жеткіліксіз. Биыл газбен қамту бойынша 18 нысанның құрылысы жүргізілуде. Газдандыру мәселесі 2023 жылы толығымен шешіледі.
– Тұрғындардың ең көп көтеретін мәселесі – инфрақұрылым. Даму жоспарына сәйкес, бұл бағытта жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. 2023 жылы ауыз су, 2025 жылы электр жарығы, табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары толық шешімін табады. Кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 75 пайызға жетпек, — деді қала әкімі.
Шаһар басшысы 6 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы жоспарларды баяндады. Әлеуметтік-экономикалық даму мен инженерлік-инфрақұрылыммен қамтылу жұмыстарының барысынан хабардар етті.
– Тұрғындардың ең көп көтеретін мәселесі – инфрақұрылым. Даму жоспарына сәйкес, бұл бағытта жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. 2023 жылы ауыз су, 2025 жылы электр жарығы, табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары толық шешімін табады. Кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 75 пайызға жетпек, — деді қала әкімі.
Сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары 2023 жылы аяқталады деп жоспарлануда.