16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ЕКІ НЫСАН ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Республика күні қарсаңында Шымкенттегі Әл-Фараби ауданы тұрғындарында қос қуаныш. Түркістан көшесі №2/3 үйінің ауласы мен Қарасу шағын ауданы №23 көпқабатты үйінің аулаларында абаттандыру жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Олар қазіргі таңда елдің басқа да экономикалық әректтері үшін қажетті негіз жасайды. Олардың жоқ болуы мен қауіпсіз болмауы дамушы елге тән емес және оның дамуына кедергі болып табылады.  Қазіргі жағдайда мемлекеттік реттеу инфрақұрылымының рөлі мен мәнін жоғарылатады. Білетініміздей экономикалық модель құрастыру кезінде өндірістік қоғамның дамуының негізі ретінде артықшылыққа ие.Ағымдағы жылы Әл-Фараби ауданында 50 көп қабатты тұрғын үйдің ауласында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жоспарланған.
Қазіргі таңда, абаттандыру жұмыстары 28 аулада жүргізіліп жатыр. Аталған аулаларда тұрғындар демалуына арналған орындықтар мен бастырма, қоқыс жәшігі, балалар ойын элементтері және ересектерге арналған спорт элементтері орнатылуда. Аталған жұмыстарға «Strong service»ЖШС-ы, «New level» ЖШС-ы жауапты.
Ал қалған 22 ауланы абаттандыруға мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.Сонымен қатар биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50 балалар ойын алаңшаларын орнату жоспарланған. Қазіргі таңға дейін 28 балалар ойын алаңшалары орнатылған. Сонымен бірге аталған жоба аясында 9 спорт алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілуде. Ал 2023 жылы 7 спорт алаңшасы орнатылып, аудан аумағын 100% қамту жоспарда бар.
Мұнда су жаңа балалар ойын элементтері, бастырма, орындықтар, қоқыс жәшіктері қойылған.
Сонымен қатар Түркістан көшесі 2/3 үйінің ауласындағы спорт алаңы ағымдағы жөндеуден өтті.
Аудан бойынша «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50 балалар алаңшасы және 9 спорт алаңшасын орнату жоспарланған. Бұдан бөлек 9 спорт алаңшасы ағымдағы жөндеуден өткізілуде.
Маусым-тамыз айларында 28 аула абаттандырылып, 22-сі пайдалануға берілді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ «ЧАК-ЧАК БАЙРАМЫ» АТАЛЫП ӨТТІ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ҚҰТҚАРУШЫЛАР ОТБАСЫЛАРЫНА АМАН-ЕСЕН ОРАЛДЫ

smarttop

Солдаты приняли присягу в Шымкенте

smarttop

Пікір қалдыру