13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ДОСТЫҚТА ӘР 3 ҮЙГЕ БІР ЭЛЕКТР БАҒАНАСЫ ОРНАТЫЛУДА

Қаратау ауданына қарасты Достық мөлтек ауданын сапалы электр қуатымен қамту құрылысы 2022 жылдың тамыз айында басталған болатын.
Құрылыс жұмысы барысында 1206 электр бағанасы мен трансформатор орнатылып, 47 шақырымнан астам электр желісі тартылды. Және тұрғындардың сұранысы бойынша, жобадан тыс көшелерге қосымша әр 3 үйге бір электр бағанасы орнатылуда.
Елді мекен тұрғындары электр энергиясына әр киловатына 25-30 теңгеден төлеп келген. Алдағы уақытта абоненттеу жұмыстары толық аяқталып, тариф құны 17,9 теңгені құрайтын болады.
Мердігер мекеме есебінен электр энергиясы тұрғын үйдің алдына дейін жеткізіледі. Әрі қарай кабельді қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіріп, тұрғындар өз есебінен жүргізетін болады.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 83%-ы аяқталды. Қарашада абоненттеу жұмыстары жүргізілмек.Тағы бір айта кетерлігі, электр желілерінің артуы электр энергетикалық жүйе құрылымын күрделендіре түседі. Сол себепті компания атқаратын бірнеше міндеттер айқындалған. Солардың бірі – күн және жел электр стансалары көбейген жағдайда электр желілерінің жұмыс сенімділігін қамтамасыз ету.Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органнан электр желілеріне қосуға рұқсат алу қажеттілігі алынып тасталды. Жер қазу жұмыстарына рұқсат алу және құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтауды күту, сондай-ақ есептегіш құралдарын пломбалау, желіге қосу және электрмен жабдықтау шартын жасау үшін өтінім беру рәсімдері біріктірілді.Осылайша, реформалар тұтынушылардың электр энергиясының сапасына, электрмен жабдықтаудың сенімділігіне, жеткізу шарттарына, сондай-ақ энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне қосу бөлігінде электр энергетикасы саласындағы ҚР заңнамаларында көрсетілген мерзімдер мен талаптары сақталуына ықпалын тигізеді.

Тұрғындардың  өтініш беруді және энергетикалық кәсіпорындармен шарттар жасасуды, тарату желілері мен басқа мекемелерден қажетті рұқсаттар алуды, инспекциялар жүргізуді, қосу бойынша сыртқы жұмыстарды орындауды, аяқтау актілерін алуды және электр энергиясын түпкілікті жеткізуді қамтиды.
Сапалы электр қуатымен қамту үшін 8 нысанда құрылыс жұмыстары қарқын алған.
Жыл соңына дейін шымкенттіктердің 99%-ы сапалы электр қуатын тұтынатын болады.

Қазіргі уақытта абоненттеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Абоненттеу жұмысы толық аяқталу нәтижесінде Достық мөлтек ауданындағы 2 686 абонент сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІ ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАРМЕН АЙ САЙЫН ЖҮЗДЕСІП ОТЫРАДЫ

smarttop

Білімге көңіл бөлу басты назарда

smarttop

Полицейлер тұрғын үйден бағалы тон ұрлаған күдіктіні ұстады

smarttop

Пікір қалдыру