16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ЖОЛ ТАҢБАЛАР ЖАҢАРТЫЛДЫ

Шымкентте жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол апаттарының алдын алу мақсатында қала көшелеріне жол таңбалары жаңартылды. Мұндай жаңарту жұмыстары қолданыстағы стандарттарға сәйкес тұрақты түрде атқарылады.
Шаһардағы асфальт жолдың жалпы ұзындығы – 2055,7 шақырымды құрайды. Ағымдағы жылы қалада көліктердің жол қозғалысын реттеу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 420 шақырымға жуық жол таңбалары сызылды.

Шымкент көшелерінде жол таңбаларын жаңарту жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, қаланың коммуналдық қызметтері қоршаулар, құбырлар мен шарбақтардың бояулары да жаңартылды.

Қала көшелерінде жол таңбаларын жаңарту жұмыстары күн жылынған сәтте басталған. Бүгінгі таңда барлық магистральді жолдарда таңбалау жұмыстары аяқталды. Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Жарқын Байдуллаевтың айтуынша, бұл мақсатта 100 миллион теңге бөлінген. Көше жолдарын таңбалаумен мердігер «ДорСтройПроект» ЖШС айналысуда. Жұмысқа 6 техника мен 20 адам жұмылдырылған. Олар өздеріне міндеттелген жұмыстарды түнгі уақытта атқаруда. Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру үшін сапалы жол инфрақұрылымын жайластыру да маңызды. Жоғары интенсивті учаскелерде жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдері салынуда.

Жаяу жүргіншілер өткелі бойынша қаламызда 465 орын белгіленген. Оның ішінде ағымдағы жылы 420 жаяу жүргіншілер өткелі қайта сызылып жаңартылды. Бұл жұмыстар көлік қозғалысына кедергі келтірмеуі үшін түнгі уақытта атқарылды.
Сонымен қатар, қала тұрғындары тарапынан жаяу жүргіншілер өткелін жаңарту туралы өтініштер жиі түседі. Алайда, аталған жаяу жүргіншілер өткелі ескірмеген, тек ауа-райы мен көлік ағынының жоғары болуына байланысты жол таңбалары кірленгені анықталды. Бұл ретте аудан әкімдіктері тарапынан тазалау жұмыстары жүргізілетін болады.

Ұқсас ақпараттар

«ТІЛ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ САҚТАЛУ ҮШІН ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ МЕН ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

«Ел бірлігі бәрінен қымбат» — тарихтан алар тәліміміз осы

smarttop

Полицейлер ұялы телефон ұрлаған жас жігітті анықтады

smarttop

Пікір қалдыру