16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

17 ҚАРАША – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ, «ҚЫЗЫЛ ДИПЛОМ» ТОЛЫҚМЕТРАЖДЫ КИНО КӨРСЕТІЛІМІ ӨТЕДІ

Бүгін Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Мағжан Исахов «Халықаралық студенттер күніне» орай және орталықтың атқарған жұмыстары жайында баяндады.

Орталық басшысы Мағжан Шыңғысұлы қаламызда 14-29 жас аралығында 245 178 жас бар. Жыл басынан бері 37 000 жуық жасқа аудандық жастар ресурстық орталықтары қызмет көрсетті. Атап айтқанда орталықта мемлекеттік бағдарламаларды насихаттауға бағытталған мобильді топ шалағай аудандарда және үлкен-кіші базарларда мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізілуде. Сонымен қатар, түрлі әлеуметтік бағыттар бойынша 650 — ден астам іс-шара ұйымдастырылып, 353 мыңға жуық жас қамтылды. Сонымен қатар, Шымкент қаласы аумағында 9 ірі базардың жанынан «Жастар ұйымдары» ашылып, олармен бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Негізгі бағыттары базар жастарын әлеуметтендіру болып табылады. Олар, кәсіпкерлікті заңдастыру, шағын кәсіпкерлікті дамыту, спорттық мен мәдени іс-шаралар жүзеге асырылуда. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарының арасында өткізілген қалалық Жайдарман – 2022 финалдық кезеңі өз мәресіне жеткендігін атап өтті.

17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай, жастарға кәсіби бағдар беру, саналы түрде мамандық таңдауға дайындау. Жастардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін, өнерге деген құштарлығын арттыру. Жастар арасындағы мәселелерді ашық көрсету арқылы оларды саналы әрекеттерге тәрбиелеу мақсатында «Қызыл диплом» толықметражды фильмінің тұсау кесу рәсімі 19 қараша күні сағат 13:00-де Жастар ресустық орталығында көрсетіледі.

Ұқсас ақпараттар

ЖАС ИНЖЕНЕРЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖЕҢІМПАЗ БОЛДЫ

smarttop

Тұрғын үйлерден ұялы телефон ұрлаған күдікті анықталды

smarttop

М.ӘЙТЕНОВ: ШЫМКЕНТТЕ ӨНДІРІСТІК АЛАҢДАР САНЫ АРТАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру