Қала әкімі М.Әйтеновтың жеке қабылдауы барысында «Нұрсәт» шағынауданы тұрғындары көп қабатты тұрғын үйлерде ауа райының жауын-шашынды күндері үй аумағын су басу жағдайының жиі орын алатынын жеткізіп, аталған мәселені дереу шешімін табуға ықпал етуін өтінген болатын. Шымкент қаласында күзгі жауын-шашын кезінде ирригациялық арықтардың толып қалуының алдын алу мақсатында көшелердегі ирригациялық арықтар толықтай қоқыстан тазартылып жатыр.Осы орайда, қала басшысы тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында «Нұрсәт» шағынауданы №201 аумағындағы жолға «Vek Stroi» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан ұзындығы 320 метрді құрайтын ирригациялық жүйе салынды. Қазіргі таңда аталған көп қабатты үйге қолайсыз ауа райы (жауын, жел) салдарынан қауіп жоқ.
Жалпы Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты 34 су арнасы және 2 өзен бар. Олардың ішінде биыл жөндеу жұмыстары басталған «Шымкент» және «Шапырашты» су арналарының күрделі жөндеу жұмыстары келесі жылы бітеді дейді салаға жауапты мамандар. Айта кететін жайт, қазіргі таңда күз және қыс мезгілдерінде жауын-шашын мөлшерінің көптігіне байланысты су арналары мен өзендердің санитарлық тазалау жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Жауын-шашын мөлшерінің су арнасының деңгейінен асып кетпеуі үшін қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандары мен жауапты мердігер мекеменің қатаң бақылауында.
Жалпы Қаратау ауданында ирригациялық жүйелер орнатылған көшелер саны — 378. Ұзындығы -225,2 шақырым.
Ал, ағымдағы жылы қала әкімінің тапсырмасымен аудандағы ұзындығы -13,7 шақырымды құрайтын 22 мекенжайға ирригациялық жүйелердің құрылысы жүргізілуде.
Барлық жұмыстар сапалы әрі уақытылы орындалып, қараша айының 15-не дейін тапсырылатын болады.