7.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ 500-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТТЫҢ ҮЙДІ ЖАЛДАУ АҚЫСЫН СУБСИДИЯЛАУ ӨТІНІМІ МАҚҰЛДАНДЫ

Өтінімдер Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде 2022 жылдың 18 сәуірінен бастап қабылданған болатын. Қазіргі таңда тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша баспана кезегіндегі 493 азаматтың өтінімі мақұлданды.
Бүгін Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Утебаева 40-қа жуық азаматты қабылдап, баспана мәселесіне қатысты түсіндіру жұмысын жүргізді.
Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына кезекте тұрған 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көп балалы отбасылар қатыса алады.
Баспана ақысын субсидиялау үшін үміткерлер қатарындағы отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен (1 КМ = 36 018 теңге 01.01.2022 ж. жағдай бойынша) аспауы тиіс.
Бүгінде өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен www.otbasybank.kz сайтында онлайн түрде қабылдануда. Сонымен қатар, субсидия алуға үміткердің «Отбасы банкте» депозиттік шоты болуы тиіс.
Азаматтар тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша қосымша ақпаратты Бейбітшілік 3, мекенжайында орналасқан «Amanat» партиясының қалалық филиалындағы «Отбасы банк» қызметкерлерінен алуға болады.

Ұқсас ақпараттар

ТІЛДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

smarttop

Түркістан облысында жанар-жағармайды заңсыз тасымалдаудың жолын кесу мақсатында рейд басталды

smarttop

ШЕЖІРЕ КҮНІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру