16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ: ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ 35%-ҒА ДАЙЫН

🔷 Қаланың оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме шығыс жолына жүктемені азайту мақсатында Д.Қонаев даңғылының жалғасы салынуда. Нысан 6 кезеңнен тұрады. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аталған нысан басына барып, күре жолдың құрылысын бақылады. Жалпы Д.Қонаев даңғылының жалғасын салу 2-ші кезеңінің ұзындығы 1,7 шақырымды құрайды. Көшенің ені — 42 метр, 6 жолақты.

Қазір қаланың оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме-шығыс жолында жүктемені азайту мақсатында 15,5 шақырымдық Қонаев даңғылының жалғасы салынуда.
Бүгін қала әкімі М.Әйтенов нысанға арнайы барып, жұмыс барысын қадағалады. Жоба бойынша нысан 6 кезеңнен тұрады. Қазір жалпы жұмыстардың 27% пайызы атқарылған. Жалпы, құрылыс жұмыстарына 53 адам, 20 техника жұмылдырылған.

🔷 Қонаев даңғылы жалғасының 5-ші кезеңі Бадам өзенінен Әскери бөлімінің тұсына дейінгі аумақты қамтиды. Бұл аралықтың ұзындығы – 4,7 шақырым, ені – 42 метр, 6 жолақты. Ал нысанының 6-шы кезеңі Әскери бөлімнің тұсынан ПК-132 дейінгі аралық, бұл кезеңнің ұзындығы – 8,5 шақырым, ені – 15 метр, 4 жолақты.

Аталған кезеңде қазір автомобиль жолының жер төсемдері салынуда. Бригадалар жер асты суы өтетін темірбетонды құбырын орнату жұмыстарын жүргізуде.
М.Дүйсенбекұлының осыған дейінгі аралаудағы жауаптыларға жолды кесіп өтетін 110 кВ магистральді электр желісін қайта орнату бойынша берген тапсырмасы бүгінде орындалған. Сондай-ақ әкім тапсырмасына сәйкес, қазір Бадам өзенінен өтетін көпірді Саттарханов көшесімен қосу жұмыстары іске асырылуда.

🔷 Құрылыс барысын тексерген М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға қыркүйекте аталған аралықтағы жұмыстарды және 6- кезеңде Оңтүстік айналма жолы арақашықтығын толық аяқтау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

🔷 Қазір мұнда жер жабындысын салу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ құрылыс нысанында тірек қабырғаларын орнату жұмыстары және инженерлік желілерді ауыстыру жұмыстары атқарылған. Қазіргі уақытта
құрылыс 35%-пайызға аяқталған. Жыл соңына дейін

🔷 Түркістан көшесінен теміржолға дейін қамтитын 2-ші кезеңіндегі жолдың бір бөлігін көлік қозғалысына ашу жоспарлануда. М. Дүйсенбекұлы
құрылыс нысанына түсетін 5 жер учаскесін мемлекет мұқтаждығына алу мәселесін тезірек шешуге тапсырма берді.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

«Жол қауіпсіздігі» тақырыбында тікелей эфир ұйымдастырылды

smarttop

Полицейлер тұрғын үйге ұрлыққа түскен жас жігіттерді анықтады

smarttop

КӨРКЕМСӨЗ ОҚУДАН БАЙҚАУ ӨТУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру