22.3 C
Шымкент
Четверг, 19 сентября, 2024
Smarttop.kz

БАЗАРҚАҚПА ТҰРҒЫН АЛАБЫНДАҒЫ КӨШЕЛЕРГЕ АСФАЛЬТ ЖОЛ САЛЫНУДА

🔷 Шымкент қаласының даму жоспарына сәйкес, жергілікті тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру және сапалы жол салу мақсатында, қалаға қосылған тұрғын алаптардың ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Осыған байланысты бүгінде Еңбекші ауданындағы Базарқақпа тұрғын алабының бірқатар көшелері асфальтталуда.

Тоғыс тұрғын алабында алайда атқарылуға тиіс біршама жұмыстар бар екендігіне көз жеткізді. Солардың бірі — ұңғыма салу. Бұл өз кезегінде Тоғыс, Айнатас, Елтай елді мекеніндегі 11 мыңға жуық халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде . Тоғыстан 73 метрлік су ұңғымасы қазылып, болат құбырлар салынуда. Электр жүйесінің халықты қамтамасыз ету барысындағы нәтижелі жұмысты көру. Тоғыс тұрғын алабының халқына жауапты мекемелерге тапсырмалар берілуде.
Айта кетерлігі, бұл су ұңғымасы қосымша ұңғыма ретінде жаз айларында қолдану үшін керек.
Қала әкімі тексеру барысында жұмыстың белгіленген мерзімінен кешікпей, сапалы орындалуына күш салуымыз қажет деп, жауапты мекемелерден нәтижелі жұмыс көрсетуін талап етті.
Жалпы Тоғыс жұрты ауыз судан тапшылық көрмеген. Қамтылу көрсеткіші 98,5 % құрайды.
Сол сияқты электр жарығын тұтынушылар да 99%. Биыл 11 абонентті жарықпен қамту үшін жаңадан бағаналар орнатылып, электр желілері тартылды.
Табиғи газбен қамтылу көрсеткіші де 98% құрайды, тек жаңақұрылыс аумағындағы 31 тұтынушының мәселесін шешу үшін келесі жылы жобалық сметалық құжаты әзірленеді.
Мұндағы жолдарға да аса назар аударылуда. Былтыр 2 көше “Ақмая”мен “Айыршық” орташа жөндеуден өтсе, биыл 4 көшеге асфальт төселді. Жалпы мұнда 18-көше бар.

🔷 Атап айтқанда, Кеңгір, Қараөткел, Балқан №2,3,4 көшелеріне мердігер мекемелер тарапынан жол салу жұмыстары жүріп жатыр.
Ал Сазқұндыз көшесіне жаяу жүргіншілерге арналған аяқ жол салынып, асфальт қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Алай көшесі арнайы техникалармен тегістеліп, шағал тас төсеу жұмыстары басталды.
Жыл соңына дейін Базарқақпа тұрғын алабында 6.6 шақырымды құрайтын 11 көше асфальттанады.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

58.1 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ҮНДІСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ БҮЛДІРШІНДЕРГЕ ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ТАРТУ ЕТІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру