0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ІХ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

Шымкентте “AgriTek Shymkent’2022” ауыл шаруашылығының ІХ халықаралық мамандандырылған көрмесі өтуде. Бүгін көрме аясында өткен конференцияға қала басшысы М. Дүйсенбекұлы арнайы қатысып, сала көшбасшыларымен пікір алмасты.

«Урбанизация» ұғымын «урбанизациялану» ұғымынан ажыратып қарау керек. Біріншісі процесті білдіреді, екіншісі — процесс барысында қол жеткен көрсеткіш денгейі. Урбанизацияның негізгі көрсеткіші — елдегі қалалық тұрғындардың үлес салмағының арту қарқыны («урбанизация қарқыны»)

Урбандалудың оң және теріс салдары бар. Ол — күрделі әрі қарама-қайшылықты үдеріс. Оның теріс салдарына экологиялық жағдайлардың біршама төмендеуі, автокөлік газдарымен қала ауасының ластануы, жұмысқа орналасу қиындығы, қаладағы шаң, қала шуы, қала құрылысының мәселесі және т.б. жатады. Ал, Агломерацияның бір шарты ауыл­дық тұрмысты қалалық өмірге бейім­деу болатын.

Урбанизациясы мен агломерациясы күн санап өсіп келе жатқан үшінші мегаполис — еліміздегі ауыл шаруашылығы үшін қолайлы аймақтардың бірі. Мұны ескерген шаһар басшысы егіс егіп, өнім өндіруде алыс-жақын шет елдердің озық технологияларын үйреніп, тәжірибеде іске асыру қажеттігін де қаперге ілді.

Сөз соңында жемісті еңбек етіп, ауыл шаруашылық саласын өркендету жолында тер төгіп жүрген қатысушыларға табыс тіледі.

— Жемісті жылдың жетістігін паш ететін барлық ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін шаруаларға, кәсіпкерлерге зор алғысымды білдіремін. Дихандарымыздың, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің  жоғары кәсібилігінің, өз ісіне адалдығының және қажырлы еңбегінің арқасында агроөнеркәсіп кешені азық-түлік қауіпсіздігінің сенімді кепіліне және экономикалық дамудың басты қозғаушы күшіне айналды,-деді әкім.

Айтып өтейік, көрме қараша айының 9-11 күндері аралығында жалғасады. Қазіргі таңда мұнда ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары, суару және тыңайтқыш технологиялары, тұқымдар мен көшеттер, құс және мал шаруашылығына арналған жабдықтар мен технологиялар, сондай-ақ ветеринариялық технологиялар қойылған. Жалпы еліміздің және Корея, Ресей, Түркия сынды басқа да 50-ден астам мемлекеттің экспоненттері ұсынылып отыр.

Ұқсас ақпараттар

КӨППӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ЖАҢА БАСҚАРУ НЫСАНДАРЫНА АУЫСУ МЕРЗІМІ 1 ШІЛДЕГЕ ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

smarttop

ОТБАСЫ БАНК АРҚЫЛЫ НЕСИЕ АЛҒАН КІМДЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫ

smarttop

ЖІГЕРЛІ ЖАСТАР КАРТИНГ СПОРТЫНАН ЖАРЫСҚА ТҮСТІ⁣⁣

smarttop

Пікір қалдыру