3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЕСКІ АЯЛДАМАЛАР ЖАҢАРТЫЛДЫ

Биыл Шымкенттегі ескі аялдамалардың 178-і жаңартылды. Оның ішінде Төлеметов, Ізгілік, Патеев, Желтоқсан, Исмайлов, Жібек жолы сияқты бірнеше көшелер мен Тәуке хан, Республика, Бәйдібек би даңғылдары бойындағы аялдамалар бар. Барлығы жаңа типте салынған.
Жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес орнатылған аялдамалар шыныдан жасалған. Қоғамдық көлікпен жүретін көпшілік үшін барлық жағдай оңтайландырылған.
Ал, қолданысқа жарамды ескі аялдамалар қалаға іргелес жатқан елдімекендерге атап айтқанда, Жыланбұзған, Маятас пен Қарабастау тұрғын алаптарына орнатылуда.
Сала мамандары аялдамалардың ұзақ сақталып, шаһар көркін кіргізіп тұруы — сапасына ғана емес, қала тұрғындарының істелінген жұмысқа жауапкершілікпен қарап, орындықтарды сындырмай, тұрған орнын бүлдірмей таза ұстауына да байланысты екенін айтады.
Қазіргі таңда Шымкентте 1 886 аялдама орны бар болса, оның 1336-сы аялдама павильоны, қалғанына арнайы белгілер орнатылған. Жазда ми қайнататын күнгейдің аптабында, қыста қысып беретін аязында минуттап емес автобусты сағаттап күтетіндер аялдамалардың қаншалықты «ыңғайлы» екендігін біледі. Қалқан болып жарытпайтын аялдамалардың жобасын қоғамдық көлікпен жүрмейтіндер жасағаны анық деп бал ашатындар да баршылық. Әсіресе төпеп құйып беретін ақ жауында аялдамаға сыймай жаңбырдың астында қалғандар қала билігіне өкпесі қара қазандай болары тағы анық.

Орнатылатын  кішкентай аялдаманың құны 900 мың теңге болса, үлкені 2 миллион теңгені құрайды. Кіші аялдамаларды жолаушысы аз мекендерге қою жоспарлануда. Жаңа аялдамалар бұрынғысынан сынбайтын терезелерімен ерекшеленеді.

Сондай-ақ  аялдамалардың ені бұрын 60 см болса, қазіргісі 40 см болып қысқарады. Оның себебі белгілі бір тұрғылықты жайы жоқ азаматтар аялдаманы паналамауы үшін жасалған.

Қоғамдық көлік жүйесін жаңарту кезінде атқарылған жұмыс нәтижесі  шалғай елдімекендерге әлі де болса 1200 қоғамдық көлік аялдамасы қажет екенін көрсетті. Бұл мәселе алдағы 4-5 жыл ішінде кезең-кезеңімен шешілетін болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: 500 отбасыға азық-түлік таратылды

smarttop

ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

smarttop

«ФОСФОРШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ» ТАҒДЫРЫ ШЕШІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру