5.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

«GRAMAD» САУДА ДҮКЕНДЕРІНІҢ САНЫ КӨБЕЙЕДІ

Бүгінде «GraMad» сауда желісінің қаламызда 19 нысаны жұмыс жасаса, халықтың тығыз орналасқан аймағы «Қатын көпір» шағын ауданында 20-сыншы нүктесі іске қосылып, 20 мыңға жуық халық азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуде.
Жалпы алаңы 400 шаршы метрді құрайтын бұл жобаға жалпы 80 млн. теңге жеке инвестиция құйылып, 20 адам жұмыспен қамтылды.
«GraMad» сауда желісінің негізгі бағыты – 2019 жылдан бастап үй жанындағы дүкен форматында өз тұтынушыларына алуан түрлі тауарлар ассортиментін ұсынып, жергілікті тауар өндірушілерді тікелей қолдау.Осы орайда Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «Gramad Retail» ЖШС сауда үйімен келісімшартқа отырған болатын. «Gramad» сауда кешені құрамында 3 супермаркет және бір гипермаркет кіретін дүкендер желісі бар. Сауда орталығы арқылы жыл басынан бері 125-мыңнан астам кепілдендірілген әлеуметтік пакет таратылды. Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер көпбалалы немесе аз қамтылған отбасылардың балаларына басқарма ұсынған тізім бойынша беріледі. Басты мақсат – тауарларды төмен бағамен сатып алуға және қаламыздың көпбалалы отбасыларына, шағын және орта бизнес үшін де қол жетімді болуына жағдай жасау. Айта кетерлігі, кепілдендірілген әлеуметтік топтамалар денсаулық сақтау министрлігінің негізінде қалыптастырылды. Жиынтықтарға әртүрлі жарма, картоп пюресі, сүт және т.б. өнімдер кіреді. Барлық азық-түлік сертификатталған. Аз қамтылған отбасының әрбір баласына арналған гигиеналық құралдар жиынтығы тоқсанына (3 ай) бір рет ұсынылады.
Оған қоса, Шымкент қаласының әкімдігімен бірлесе «GraMad» сауда желісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру бағдарламасының қатысушысы болып табылады.
Алдағы уақытта дүкендер санын 25-ке жеткізу жоспарланып отыр.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕГІ КӘСІПОРЫН ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ СҮТ ӨНІМДЕРІН ШЫҒАРУДА

smarttop

«ТАССАЙ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАҒЫ ЖАҢА ЖОБАЛАР

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру