0.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

“ШЫМКАЙ” ЖИҺАЗЫНЫҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қала әкімі Мұрат Әйтенов “Тассай” индустриялды аймағында орналасқан “ШЫМКАЙ” кәсіпорнына барып, жұмыс барысын көрді.
Жеке кәсіп иесі Шымкентте жиһаз шығарумен 2019 жылдан бері айналысып келеді. Цехты ашу үшін 750 млн. тг инвестиция салынған. Қазір мұнда жылына 54 000 дана жиһаз жасалынады.
“ШЫМКАЙ” ЖШС-на 2019 жылы “Тассай” индустриялды аймағынан жиһаз цехын ашу үшін мемлекет 10 жылға жалға беру мерзімімен 2 гектар жер берген. Бүгінде кәсіптің тасы өрге домалап, 50 адама тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Қала әкімі кәсіпорын басшысы мен ұжымға мегаполис экономикасының ілгерілеуі жолында атқарып жатқан жұмыстарына алғысын білдіріп, әкімдік тарапынан да барынша қолдау танытатынын жеткізді.

Айта кетейік, Шымкентте үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының бірінші бесжылдығында 89 млрд. теңгеге 63 кәсіпорын бой көтерген. Соның нәтижесінде 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылған. Ал екінші бесжылдықта 97,4 млрд. теңгеге 41 жоба қолдау тауып, соның арқасында 2,5 мыңға жуық адам тұрақты жұмысқа орналасқан. 2020-2021 жылдар кезеңінде 414,3 млрд. теңгеге 90 жоба жүзеге асып, 7,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылған.

Индустриалды аймақтар мен мен АЭА қала экономикасының дамуына зор үлес қосып келеді. Шын мәнінде индустриялды және арнайы экономикалық аймақтар қала экономикасын өрге сүйреуші негізгі драйвер болып саналады.Бүгінгі таңда қала аумағында «Оңтүстік» пен «Тассай» индустриялды аймақтарының аумағы 426 гектарды құрайды. Қазіргі таңда ИА аумағы 95 пайызға толған.Қала әкімі Мұрат Әйтенов индустиалды аймақты аралау барысында кәсіпорынның жұмысымен танысқан болатын.
Шымкентте биыл шыныдан шыны конструкциялар өндіретін жаңадан «Авангард» зауыты ашылады. Қала әкімі аталмыш кәсіпорынға барып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.
5 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба жүзеге асқанда 50 жаңа жұмыс орны құрылады. Толығымен ішкі нарықты қамтиды. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталған. Құрал-жабдықтар орналастырылуда.
Қала әкімінің төрағалығымен өткен инвестициялық штаб отырысында 15 жаңа жоба таныстырылды.
Кәсіпкер Абжанов қалада құрғақ құрылыс қоспаларын және лак-бояу материалдарын өндіретін зауыт ашуды көздейді. 500 млн теңгені құрайтын инвест жобаның қуаттылығы жылына 1200 дана өнім болмақ. 2022-2024 жылдары жүзеге асырылатын жоба нәтижесінде 200 адам жұмыспен қамтылады. «Жұлдыз» индустриалды аймағынан 5 гектар жер телімін беру туралы шешім қабылданды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ 269 АДАМҒА «ҚАНДАС» МӘРТЕБЕСІ БЕРІЛДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ КЕЗІНДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ АРНАЛҒАН АКЦИЯ ӨТКІЗІЛУДЕ

smarttop

ГАБИТ СЫЗДЫКБЕКОВ ПРЕДЛОЖИЛ ПРЕВРАТИТЬ ЗАСЕДАНИЕ ОБЩЕСТВЕННОГО СОВЕТА В ДИАЛОГОВУЮ ПЛОЩАДКУ

smarttop

Пікір қалдыру