13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛАДАҒЫ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Бүгін қала әкімі “Шымсити” аумағында салынып жатқан аллея құрылысын тексеріп, жауапты сала мамандары мен мердігер мекемеге нысанды уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
Естеріңізде болса, қыркүйек айында “Қаратау” ауданы 189 орамда “Шымсити” аумағын абаттандыру жұмыстары”бойынша аллея құрылысы басталған болатын.
9300-ге жуық халықты қамтитын бұл нысан 2022 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда.
Қазіргі таңда нысанның өндірістік кестеге сәйкес абаттандыру құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
“Шымсити” аумағын абаттандыру жұмыстары” алдағы уақытта да жүйелі түрде өз жалғасын табатын болады.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен қаланы көріктендіру және жасыл желекті күтіп ұстау мәселесіне арналған жиын өтіп,  күн тәртібіне қойылған мәселе бойынша Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ғ.Ильясовтың баяндамасы тыңдалды. Басқарма басшысы берген мәліметке сәйкес, қала аумағында 8 саябақ, 39 гүлзар мен аллея, 50 ескерткіш күтімге алынған. Басқарма теңгеріміндегі жасыл желектер көлемі 152 гектарды құраса, оның 115 гектары саябақ аймақтарына тиесілі. Сондай-ақ, қаладағы 37 субұрқақ пен 44 ұңғыманы күтіп-ұстау міндеттері де осы басқармаға жүктелген.
Басқарманың осы салада атқарып жатқан жұмыстарын баяндаған Ғ.Ильясов, жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
Салада атқарылып жатқан жұмыстарды мұқият тыңдаған қала басшысы М.Әйтенов, парктер мен скверлер тұрғындарға мейлінше қолайлы болуы керектігіне назар аударды. Мұнда кіші сәулеттік пішіндер қойылып, жасыл желек қорын сауықтыру, жаңарту жұмыстары жүйелі түрде атқарылу керектігін айтты. Субұрқақтардың күзгі, қысқы кезеңдерде консервациялау тәртібін қатаң сақтауды, көктемгі және жазғы кезеңдерде олардың жұмыс істеу регламентін нақты бекітуді тапсырды. Субұрқақтардың электр құрылғыларының қауіпсіз болуын тұрақты қадағалауда ұстап, оларға жауапты тұлғалардың міндеттемелерін белгілеуді жүктеді.

Ұқсас ақпараттар

Екі тәулікте заңсыз жұмыс істеп жүрген 47 шетелдік анықталды

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ  «БОЛАШАҚ-7-ДЕ» БОЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ӨНЕРТАПҚЫШ БАЛАЛАРДЫҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру