Биыл Шымкент қаласы бойынша 1 миллион 60 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Оның ішінде 152,5 мың шаршы метрі мемлекеттің қаржыландыруымен салынса, 467,5 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысын инвесторлар қаржыландырған. Сондай-ақ, 440 мың шаршы метр тұрғын үйді жеке азаматтар салып жатыр. Шаһар басшысы құрылыс жұмыстарының қандай сапада жүргізіліп жатқанын бақылап, мердігерлерге жұмысты жандандыруды және құрылыста отандық материалдарды пайдалануды міндеттеді. Сондай-ақ, жауапты сала басшыларына инфрақұрылым мәселесін кешеуілдетпей тез шешуді тапсырды.
Шымкент қаласы құрылыс басқармасының мәліметі бойынша, биыл қалада «Нұрлы жер» концепциясы аясында мемлекеттік бюджет есебінен 32,5 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаржыға жалпы ауданы 239,2 мың шаршы метрді құрайтын 2 972 пәтерлі 51 көпқабатты тұрғын үй бой көтеруде.
Жалпы мегаполисте биылғы жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында және «7-20-25» бағдарламасымен, барлық қаржы көздері есебінен 13 636 пәтерлі 252 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Олардың жалпы ауданы бір миллион шаршы метрді құрайды. Оның ішінде, 78 тұрғын үй бюджет, 48 үй «Shymkent» ӘКК» АҚ және 126 үй жеке салушылар есебінен жүргізіліп отыр.
Ағымдағы жылы 136 көпқабатты тұрғын үй немесе 7561 пәтер пайдалануға беріледі.
Биыл аталған 51 үйден 1 880 пәтерлі 33 үйдің құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр. Атап айтқанда, 19 кредиттік және 14 арендалық тұрғын үй кезекте тұрған азаматтарға тапсырылады.
Қазірдің өзінде 49,8 мың шаршы метрді құрайтын 576 пәтерлі 11 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, тұрғындардың игілігіне берілді. Ал, 1 305 пәтерлі 22 тұрғын үйдің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Сондай-ақ, 1 092 пәтерлі 18 тұрғын үйдің құрылысы келесі жылға өтпелі.
«Шымкент келбеті»