0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Шымкент жапонияның туроператорлық компаниясымен бірлесе жұмыс істейді

Қазақстанның ең шуақты қаласы мен Тынық мұхит аралдарында орналасқан Күншығыс елінде туристік байланыстар орнайды.
Екіжақты келісім бойынша Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров Жапонияның «All Season Travel» туристік операторлық компаниясының басшысы Каваками Казухисамен бейресми кездесті.
All Season Travel – Жапонияда ұзақ жылдан бері туристерге қызмет көрсетіп келе жатқан танымал компания. Қазақстан, жалпы Орта Азияға саяхат жасайтын тұрғындар осы агенттік арқылы турмаршрут құрады. Қазақстанның аудармашы, гид-экскурсоводтары бірлескен маршрут арқылы еліміздің көрікті, тарихи және мәдени орындарын таныстырады. Туристер Қазақстанның Оңтүстік өңіріндегі Шымкент пен Түркістаннан бөлек, көршілес елдерге саяхатын жалғастырады. осыған байланысты кез келген туристік оператордың негізгі мақсаты — алдағы турды жоспарлау, яғни уақыт бойынша реттелген, турист үшін қажетті және бағалы құрамы мен ұсыну кестесінің сапасына жауап беретін қызметтерді жасау. Турды нақты жоспарлау турды іске асыру кезіндегі мүмкін болатын, демек, туристік іс-шараларды ұйымдастыру уақыты бойынша сәйкес келмеушілік, тапсырыстағымен салыстырғанда құрамы мен жалпы қызмет санының өзгеруі секілді үйлеспеушіліктерді болдырмауға мүмкіндік береді. Туристік өнімді нақты жоспарлауға туристік
оператордың қандай да бір туристік бағыттағы кәсіби сапасы мен жұмыс тәжірибесінің, олардың туристік қызметтерді жеткізушілермен өзара қарым-қатынастарының ерекшеліктерінің, туристік
индустрия кәсіпорындарымен тиімді келісімшарт базасының болуының, өкілетті агенттіктер мен потенциалды клиент-саяхатшыларға нақты ақпарат беруінің арқасында қол жеткізуге болады.
Туроперейтинг — жас ғылымдардың бірі, оның даму тарихы туризмнің даму тарихымен тығыз байланысты. осы даму кезеңдеріне қысқаша тоқталып өтеміз.
Компания басшысы Шымкенттің тарихи орындары, салт-дәстүрі мен мәдениетін ерекше атап өтіп, Жапониядан Қазақстанға келушілер осындай ұлттық құндылықтарға ерекше назар аударатындарын айтты. Жалпы, статистика бойынша Жапониядан Қазақстанға ең көп келушілер саны — Елордада өткен ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінде болған. Алдағы уақытта оқиғалы іс-шаралар, яғни MICE-туризм бойынша туристер легін арттыру мақсатында бірлескен жұмыстар атқарылмақ.

Ұқсас ақпараттар

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ТИІМДІ ӨТКІЗУ ШАРАЛАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

smarttop

БИЫЛ НҰРТАС ШАҒЫН АУДАНЫ ГАЗ ЖӘНЕ САПАЛЫ ЭЛЕКТРМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ 75 ПАЙЫЗҒА ЖЕТЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру