3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП АЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ, ТӨМЕНДЕГІ НӨМЕРЛЕРГЕ ХАБАРЛАСАҢЫЗ

Тел: 87072019150, 87754477889.

Бұдан бөлек, Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы қала аумағында рұқсатсыз салынған құрылыс нысаны заңсыз деп табылып, сот шешімі негізінде мәжбүрлеп бұзылатындығын хабарлайды.

Егер заң талаптарын, құрылыс нормаларын сақтап құрылыс жобаларын жүргізген жағдайда, нысан заңды құрылыс болып табылады. Атап айтқанда:

— жер учаскесіне құқығы болуы тиіс (нысаналы мақсатына сәйкес);

— құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу. (Сәулет-жоспарлау тапсырмасы-АПЗ).

— эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу (Эскизный проект)

— жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізу (Экспертиза).

— мердігермен, техникалық және авторлық қадағалаушылармен келісім-шарт жасау.

— мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау әрекеттерін орындау қажет.

Аталған талаптар сақталмай құрылыс жүргізген жағдайда ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 316 баптың 1-бөлігі, 321-бап, 463-баптың 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Және 40-580 АЕК аралығында айыппұл салынатын болады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 244-бабына сәйкес сотқа талап арыз жолданып, сот шешімі негізінде өз бетінше салынған құрылыстың өз есебінен бұзылуына әкеп соғады.

Жалпы, биылдыққа 259 құрылыс объектілері бойынша 629 хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған екен. Бұл туралы Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Нұрдәулет Құрбанбекұлы БАҚ өкілдеріне берген арнайы брифингте айтты.

– Жалпы қала аумағында 983 құрылыс объектілерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде: 794 құрылыс объектілерінің құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптары орындалған (Басқарма реестрінде тіркелген).189 құрылыс объектілерінің құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптары орындалмаған (атқарушы техникалық құжаттары жоқ). Басқармамен ағымдағы жылы жалпы 259 құрылыс объектілері бойынша 629 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал, құрылыс сапасына қатысты 70 құрылыс объектілері бойынша 93 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деді спикер.

Ұқсас ақпараттар

РЕНОВАЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ: ҚАЛА ӘКІМІ ПӘТЕР КІЛТТЕРІН ТАПСЫРДЫ

smarttop

БАЛАБАҚШАЛАРДЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ 2024 ЖЫЛЫ БАСТАЛАДЫ

smarttop

Өңірлік кадр резерві: кім қатыса алады?

smarttop

Пікір қалдыру