Қала аумағында атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, азаматтық және қызметтік қару айналымына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Осы ретте қару иелері, сондай-ақ аңшы дүкендері, күзет агенттіктеріне тексеру жүргізілуде.
Шара барысында Еңбекші АПБ ӘПБ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының инспекторларымен Еңбекші ауданының тұрғынына қаруға берілген рұқсат қағазының мерзімі өтіп кеткендігі анықталған. Аталған азаматқа қатысты қару сақтау ережесін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы (Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.