Ал, 2022 жылы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 190 нысанда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде 2 нысан жолайрықтың құрылысы жүргізіліп, біреуі толығымен аяқталды. Оған қоса Ақжайық, Тассай, Азат, Нұртас шағын аудандарында жалпы 17 көше күрделі жөндеуден өтті.Осы мақсатта биыл үшінші мегаполисте жол-құрылыс жұмыстарымен 311 шақырымнан астам жол қамтылды. Яғни, қалада осы жылы 182 нысанда құрылыс-жөндеу жұмыстары басталды.
Жыл соңына дейін аталған жолдардың 270.3 шақырым болатын 169 нысан пайдалануға беріліп, қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесін 63,6 пайызға жеткізу жоспарланған.
Аталған жол-құрылысының ішінде 49,8 шақырым болатын 71 көшеде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатса, ішкі-орам: 151 көше мен 21,9 шақырымды магистралды көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.