Smarttop.kz

Полицейлер пәтер алып беремін деп алаяқтық жасаған әйелді анықтады

Түркістан қалалық полиция басқармасына тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы «жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлерден үш бөлмелі пәтер алып беремін» — деп, 400 000 теңге ақшасын алып қайтармай қойған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.
Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Олар алаяқтық қылмысына қатысы бар күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Бұл жайтқа қатысы бар күдікті жергілікті тұрғын әйел адам, жұмыссыз, болып шықты.
Тексеру кезінде күдікті бірнеше жыл өтіп кетсе де берген уәдесін орындамай, алаяқтық жасап жүргені анықталды. Ол жәбірленушілерден алған ақшаны, бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері таныс және бейтаныс адамдарға ақшаға қатысты шешімдерді сақтық шараларын сақтай отырып қабылдауға кеңес береді. Сонымен қатар күмәнді қызмет ұсынатын адамдарға банк шот нөмірін бермеуді сұранады.

Ұқсас ақпараттар

«7-20-25» БАҒЫТЫ БОЙЫНША НЕСИЕЛІК ТҰРҒЫН ҮЙ АЛУҒА 12 МЫҢҒА ЖУЫҚ ӨТІНІМ ТҮСКЕН

smarttop

ЖҰМЫССЫЗДЫ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДЕГІ ЖҰМЫС ОРНЫНДА КӘСІПТІК ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

smarttop

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 30 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру