Ең алдымен, ресми статистикалық мәліметтерге тоқталып өтсем. Ағымдағы жылдың 6 айлық (II-тоқсандық) қорытындысы бойынша, қалаға келген туристер саны 216 249 адамды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,7%-ға артты (152 224 адам), оның ішінде 200 549 адам ішкі туристер болса, 15 700 адам шет ел азаматтары.
Ал «экспресс-статистикалық» ақпаратқа сәйкес үстіміздегі жылдың 9 айында өңірге 300 000-ға жуық турист келетіні күтіліп отыр.
Туристердің келуіне басты себеп, Шымкент қаласынан тікелей бағыттағы әуе рейстердің көбеюі тікелей әсер етеді. Оның ішінде:
Ішкі рейстер: Нұр-сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Семей және Қостанай. Халықаралық бағыттағы рейстер: Стамбул, Мәскеу, Анталья және Куаиси қалалары.
Жалпы Шымкент қаласы аумағында орналастыру орындарының саны 2021 жылы 125 құраса, 2022 жылдың 6 айында 148 өскен (18,4%) құрап отыр.
Жалпы туристерді қабылдау көрсеткіші бойынша Шымкент қаласы республикада Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан кейінгі үшінші орында. Шет мемлекеттерден келетін туристердің басым бөлігін Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия және Қытай азаматтары құрайды. Ал «E-qonaq» туристерді тіркеу бірыңғай жүйесінің мәліметтеріне сүйенсек, шет елдік туристердің ең көп келетін мерзімі – бұл наурыз айы.
Шымкент қаласының Қазақстанның 8 өңірімен және 4 халықаралық бағытта тікелей әуе қатынасы бар. Жалпы басқарма 4 бағытта жұмыс жүргізуде. Маркетингтік ілгерілету, туристік инфрақұрылымды жетілдіру, «Креативті индустрияны» дамыту, сыртқы байланыстарды дамыту және ынтымақтастықты нығайту-бір жүйеге түскен. Үшінші мегаполиске 6 ай қорытындысы бойынша 160 мыңға жуық турист келген. Түскен табыс көлемі 9,5 млрд. теңгені құраған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 2 есеге арттыру, яғни 19 млрд. теңгеге жеткізу көзделуде. Ал, былтыр Шымкент қаласына келуші турист саны 213 394 адамды құрап, туризм саласынан қала экономикасына түскен табыс көлемі 12,8 млрд. теңгеге жеткен болатын.