3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ

«Жастар практикасы» жобасы соңғы 3 жыл ішінде оқуын аяқтап, жұмыссыз жүрген ЖОО мен коллеждің түлектеріне арналған.

Жастар практикасы – бұл алған мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатымен жүргізілетін оқу орындарының түлектерін уақытша жұмысқа орналастыру. Өткен жылы бізбен жастар практикасына 661 түлек жұмысқа орналастырылған еді, ол кезде жалақы 53 800 теңгені құраған болатын, ал биылғы жылы жастар практикасының жалақысы 71 900 теңгені құрады. Барлық әлеуметтік шегерімдерді ескергенде жастар практикасына қатысушылар 60 684 теңге алатын болады.
Айта кетейік, жастар практикасына соңғы үш жылдың түлектері, жұмыссыз ретінде тіркелгендер және олардың жасы 29-дан аспағандар жолдана алады. Жұмыс беруші жұмыссызды жұмысқа алу туралы шешім қабылдаған жағдайда, жұмыс беруші онымен Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес еңбек келісімшартына отырады. Жастар практикасының ұзақтығы 6 айдан аспайды.

Жастар тәжірибесі- жастарға келесі мүмкіншіліктерді береді:

Бітіруші түлектерге:
-кәсіби тәжірибе алуға
-өзін көрсете білу мен болашақта жұмысқа орналасуға;
-мемлекеттен қаржылық қолдау алуға (мансаптың алғашқы 180 күнінде).

Жұмыс берушілер үшін:
— Ынталы, өз ойымен, өз дәлелімен келген жас маманды қабылдай;
-Компанияда тәжірибе өтіп жүрген уақытында болашақ маманды тегін тексере алатын;
-маманды қайта оқытудан гөрі үйрету;
-өз компаниясына әлеуметтік жауапкершілікті көрсету;

Жастар тәжірибесіне қатысу шарттары
Жастар тәжірибесі-бұл жоғары оқу орындары,колледж бен лицейді бітірген түлектер үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп отырған мүмкіншілік.
Бітіруші түлек Жастар тәжірибесін меншік түріне қарамастан кез келген ұйымнан өте алады.Жастар тәжірибесіне қатысқан жоғары оқу түлектеріне мемлекет тарапынан 100 % көлемде 58 153 теңге төлем ақы жүргізіледі.Ал жұмыс беруші өзінің қалауынша қосымша төлем беруіне құқылы.
Жастар тәжірибесінің ұзақтық мерзімі — 6 ай
Жастар тәжірибесін өтуге ниет білдіруші жоғары оқу орындарын бітірген түлектерге

Кімдер қатыса алады
— алған мамандығы бойынша жұмыс өтілі жоқ колледж бен ЖОО түлектері;
— 29 жастан аспаған жастар.
Жалақы мөлшері: 30 АЕК
Тәжірибенің ұзақтығы: 12 ай
Толық ақпарат алу үшін біздің орталықтарға келіңіз:
Мекен-жайымыз: Шымкент қаласы, Бәйтереков 89
Колл-Центр:
Қаратау:8705-287-60-44
Еңбекші:8775-299-66-20
Абай:8707-453-08-03
Әл-Фараби: 8702-934-80-41

Ұқсас ақпараттар

МЕГАПОЛИС МЕДИЦИНАСЫ ЖАНДАНҒАН

smarttop

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР СУ БАСҚАН АЙМАҚТАРҒА БАРЫНША КӨМЕК КӨРСЕТІП ЖАТЫР

smarttop

ШЫМКЕНТ: «ҚАМҚОРЛЫҚ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕРГЕ ҮЛГІ

smarttop

Пікір қалдыру