4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

🔷 Бүгін ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылуы және жаңа оқу жылына дайындық мәселелері қаралды.

🔷 Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты бақылауда. Бүгінде биылға жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында барлық салада кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Қала бюджетіне 645,2 млрд.теңге жоспарланған болса, оның 92,8 млрд.теңгесі республикалық бюджет есебінен.

🔷 Өнеркәсіп өнімінің көлемі 574,1 млрд.теңгені, нақты көлем индексі 100,3% құрады.
Қала аумағында бүгінде жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл 18 500 орындық 18 мектеп пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, үш ауысымда оқытатын 4 мектептің мәселесі толығымен шешіледі. Бүгінде 9 мекеменің білім ғимаратына күрделі жөндеу жұыстары жүргізілуде. Жалпы, соңғы 5 жылда денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту деңгейі 67 пайыздан 79 пайызға артты. Осы бағытта атқарылып жатқан қыруар жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері қалада жалпы өлім көрсеткіші 8%-ға, нәресте өлімі 20,6% — ға төмендеді. Ана өлімі тіркелмеген.
Республика бойынша алғаш рет қалада бастау алған «Шымкент жастар лигасы» бірегей жобасының жылдан-жылға ауқымы кеңейіп отыр. Лигаға биыл 151 мектептен 500-ден астам команда жасақталып, 6 мыңға жуық оқушы қатысты.
Қалада спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында биыл «Үстел теннисі спорт кешені» және «Жаңа ипподром» құрылысы, «Металлург» стадионын реконструкциялау жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

🔷 Барлық құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде, нысандардың қыркүйекке дайындығы қатаң қадағалауда.
Үкімет басшысы жергілікті әкімдерге өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыруда бірқатар тапсырмалар жүктеп, жаңа оқу жылына дайындық мәселелерін пысықтауды тапсырды.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Қазығұрт ауданында қару сақтау талаптарын бұзу бойынша жыл басынан бері 22 хаттама толтырылған

smarttop

Литвалық дәрігерлер шеберлік сабағын өткізді

smarttop

ЕКІ АУДАНДЫ ЖАЛҒАП ТҰРҒАН АСПАЛЫ КӨПІР ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУДА

smarttop

Пікір қалдыру