16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ҚҰЖАТТАРДЫ ЖЕТКІЗУ ҚЫЗМЕТІ

Дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа қызмет Шымкентте де іске қосылды. Енді дайын құжатты алу үшін ХҚО-ға қайта келудің қажеті жоқ. Корпорация «Яндекс жеткізу» жүйесімен бірлесіп, құжат жеткізудің неғұрлым жылдам әрі ыңғайлы, баламалы тәсілін іске қосты.
Клиент құжаттарды ХҚО-ға тапсырғаннан кейін оған веб-сілтемесі бар SMS-хабарлама жолданады, сол жерде өтінімді толтырып, мәліметтерді енгізіп және жеткізу ақысын сол сілтеме арқылы төлейді. Нақты уақыт режимінде курьердің жол қозғалысын қадағалап, онымен Яндекс GO мобильді қосымшасы арқылы хабарласады. Қосымша жоқ болған жағдайда жеткізілімді SMS-те келген сілтеме арқылы карта виджетімен бақылауға болады.Курьер бірден тағайындалады, ал жеткізудің нақты уақыты тапсырыс берілген кезде белгілі бір аймақтағы курьерлік қызметтерге сұраныстың болуымен, межелі жерге дейінгі қашықтыққа және жолдағы жағдайға байланысты анықталады. Орташа алғанда, ол бір сағатты құрайды. Жеткізу мәртебесін Яндекс Go қосымшасында, егер ол пайдаланушыда орнатылған болса, немесе SMS-хабарламада көрсетілген сілтеме бойынша карта виджеті арқылы бақылауға болады.
«Қызмет ақылы, құны көрсетілген мекенжайдың орналасқан жеріне, жолдағы кептелістерге, жол жүктемесіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Жеткізу уақыты – 15 минуттан 2 сағатқа дейін. Қызмет іске қосылғаннан бері 300-ге жуық құжат жеткізілді», – деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.
Дайын құжаттарды жеткізу 150 мемлекеттік қызмет бойынша қолжетімді, олардың ішінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу жөніндегі құжаттар, жер учаскелеріне актілер, апостильденген білім туралы құжаттар, мұрағаттық анықтамалар, әскери билеттердің телнұсқалары және басқалар бар. Бұл ретте жеткізу сервисіне жеке куәлік, паспорт және жүргізуші куәлігі сияқты құжаттар кірмейді.

Ұқсас ақпараттар

КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ЖЕТКІЗДІ

smarttop

Сауда жасаймын деп танысының банк қосымшасын алып, несие рәсімдеген алаяқ ер адам анықталды

smarttop

Сахна тақырыпқа сай безендендірілген

smarttop

Пікір қалдыру