16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ДӘСТҮРІМІЗДІ ДӘРІПТЕЙТІН ЖАЛҒЫЗ САЛТ-ДӘСТҮР ОРТАЛЫҒЫНА ТУРИСТЕР ЖИІ КЕЛЕДІ

🔷 Қазақ елінде жалғыз «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы — Шымкентте орналасқан. Қазақтың тың дәстүрін терең танып білуге әлемнен түрлі туристер келуде. Өздеріңіз білетіндей қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Әр ұлт өзіндік болмысымен, тарихымен үндескен ұлттық құндылықтарымен ерекше. Қаламыздың мақтанышы, дәстүріміздің айнасы Салт-дәстүр орталығына әлемнің әр елінен шет ел азаматтары жиі ат басын бұрады. Мақсаты сол, еліміздің мәдени өміріне қызығушылықтарын білдіріп, қазақтың көне мәдениеті мен ұлттық құндылықтарымен танысуы жиі орын алуда. Оңтүстікте ұлттар мен ұлыстардың дәстүрлері кең ауқымда дәріптелетін болды. Облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы салынып бітті. Қазір әлі ашыла қоймаған орталық жаңа жәдігерлермен толығып жатыр.Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының құнды қазынасының бірі – Жеті қазына тасбейнесі. Мұны орталыққа кіре берістен көзіңіз шалады. Қазір ұлттық салт-дәстүр залы жасақталып жатыр. Ғылыми қызметкерлердің айтуынша, мекемедегі әр дүние қазіргі жастардың назарынан тыс қалған ғұрып-жоралғыны жаңғыртады. 🔷 Күні кеше Швеция мемлекетінің Стокгольм қаласындағы қазақ мәдени орталығының төрайымы Мажиева Хабира ханым қонақта болды. Хабира Азизбекқызы орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып, экскурсия мамандары «Ұлттық салт-дәстүр», «Қол өнер» залдарын аралатып, халқымыздың қасиетті де киелі саналатын киіз үй жабдықтарын, түрлі жәдігерлер, бесік, сандық, саз аспаптары мен тұрмыстық және қолөнер бұйымдарын көрсетті. 🔷 Қазақтың дәстүрі мен салтына қызыға, тамсана қараған туристер алдағы уақыттарда шығармашылық — мәдение кештерді жиі тамашалап, дәстүр айнасына айналған төл туындыларымызды құрметтейтінін жеткізді. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Сайлау күні қоғамдық пікірге сұрау салуды кімдер жүргізетіні белгілі болды

smarttop

АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНА БИЫЛ 7,4 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

smarttop

«Бақытты мекен» жобасы аясында психолог мамандар түсіндірме жұмыстарын жүргізді

smarttop

Пікір қалдыру