16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕН

Биыл Шымкент қаласында жол саласында 190 нысанда құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізілген. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады.
Басқарманың мәліметі бойынша, жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында 2021-2025 жылдарға жоспар бекітілген. Соған сәйкес атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2021 жылдың соңында шаһарда жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 63,6 пайызға жеткен.
Ал, 2022 жылы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 190 нысанда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде 2 нысан жолайрықтың құрылысы жүргізіліп, біреуі толығымен аяқталды. Оған қоса Ақжайық, Тассай, Азат, Нұртас шағын аудандарында жалпы 17 көше күрделі жөндеуден өтті.
Сонымен қатар орташа жөндеу жұмыстары бүгінгі таңда 303 көшеде жүргізілген. Шағын аудандар мен тұрғын алаптарда жалпы ұзындығы 122,7 шақырым көшеге шағал тас төседі.
Осы жұмыстардың нәтижесінде Шымкенттегі жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі биыл 67,4 пайызға жетіп отыр.Ендігі кезекте Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында жолайрықтың құрылысы жүріп жатыр. Бұл қаладағы көлік қозғалысы үшін өте маңызды қиылыстардың бірі. Себебі, Бәйдібек би даңғылы қаланың оңтүстігі мен солтүстік бөлігін, ал, Арғынбеков көшесі – қаланың шығысы мен батысын байланыстыратын магистральды жол. Бұл жерде үш деңгейлі заманауи жолайрық салынуда. Ол тоннель, жер үсті бөлігі және эстакада бөліктерінен тұрады. Арғынбеков көшесіне тоннель салынса, Бәйдібек би даңғылында эстакада бой көтереді. Құрылыс алаңы Бәйдібек би көшесінде – 700 метрді, ал, Арғынбеков көшесінде 921 метрді құрайды. Ені 80 метрлік 6 жолақты автомобиль жолын, аяқжол мен веложолақ салу да жоспарланған. Нәтижесінде аталған көшелердің көлік өткізгіштік деңгейі екі есеге артпақ.
Айта кетейік, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығымен» Шымкент қаласының әкімдігі жолдың сапасын арттыру мақсатында арнайы келісімшарт жасаған. Соған сәйкес, Шымкентте жыл басынан бері 197 нысанға жол сапасын тексеру бойынша сараптама жасалыпты.
«Шымкент келбеті

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА КӨКТЕМНІҢ БАСЫ – КӨРІСУ МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ КОНГРЕСС-ХОЛЛ ҒИМАРАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

smarttop

ШЫМКЕНТТІКТЕР САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

smarttop

Пікір қалдыру