Smarttop.kz

ЕНДІ РЕЗОНАНС ТУДЫРҒАН СУСЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТТЫҢ САРҚЫНДЫ СУЛАРЫНЫҢ СУ КАНАЛЫНА ТӨГІЛУ

— Департаментке 2022 жылдың 29 қыркүйегінде Тассай тұрғын үй алабында сусын шығаратын зауыттың сарқынды суларының су каналына төгіліп жатқаны жөнінде арыз келіп түскен;

— Департаменттің зертханалық-талдау бөлімі мамандарымен арыздағы мекенжайға шығып, кәсіпорынның атауы «Юникс Беверейдж» ЖШС екені анықталады. Сол жерде, кәсіпорыннан бетондалған су каналына құбыр шығып су тасталып жатқандығы расталды. Мамандармен су сынамалары алынды;

— аталған су каналы бетондалған лотокты канал. Жазғы мерзімде каналмен суару үшін су жіберіледі. Қазіргі уақытта, суару науқаны  болмағандықтан, сарқынды сулар каналмен жер бедеріне ластауда;

— су сынамаларының қорытындысы 5 күннен кейін  дайын  болатындықтан, нәтижесі күтіледі.  Осы мерзім ішінде, арыз берген азаматтар электронды түрде өз арыздарын кайтарып алған;

— сынама нәтижесі шығып, ол суда бірнеше заттар нормадан тыс екендігі анықталды;

— Департамент тарапынан бұл жөнінде әлеуметтік желідегі парақшада барлық іс-қимылымыз хабарландырып, ашықтық қамтамасыз етілді. Тіпті, өзіміз де арыздың қайтарылып алынғандығы атап өтілді.

— менің тарапымнан бұқаралақ ақпарат өкілдеріне бұл жөнінде                    2022 жылдың 14 қазанда сұхбат берілді.

— нәтижесінде, ақпарат құралдарында, әлеуметтік желіде өзіміз ұсынған ақпаратымыз негізінде қала тұрғындары тарапынан Департаменттің тексеру тағайындаудан жалтарып жатқандығы жөнінде сыни комментарийлер айтылуда;

— Департаменттегі «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісімен Департамент атына тиісті шара көру жөнінде өтініш жолданды. Нәтижесінде,  ҚР Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Шымкент қаласы бойынша басқармасы тиісті құжаттар ұсынылып, тексеруді тағайындалды.

— қазіргі таңда, департамент мамандарымен тексеру жұмыстары басталды. Нәтижесі ақпарат құралдарында, әлеуметтік желідегі парақшада жарияланатындығын хабарлаймыз.

 

 

 

 

Ұқсас ақпараттар

Шымкентте жанар-жағармай бекетінің кассасынан 12 млн теңге жымқырған ер адам сотталды

smarttop

ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ ФРАНЦИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРІН БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ ЖАСАУҒА ШАҚЫРДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИЛЕР КОНСТИТУЦИЯ КҮНІН АТАП ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру