0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СӘБИЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Бүгін қаламыздағы «Арман алаңы» мүмкіндігі шектеулі балаларды түзету және оңалту инклюзивті орталығында дүниежүзілік сәбилер күніне орай Ашық есік күні өтті.
Оңалту орталығында аутизммен ауыратын балаларға кешенді ем-дом жүргізіледі. Орталықта 18 жастан асқан 22 ерекше күтімді қажет ететін балалар келіп, таңертеңнен кешке дейін қажетті емін алады. Онда логопед, психолог-дәрігерлер балаларға көмек берумен қатар, білімге баулып, қоғамнан алыстамауын қамтамасыз етеді.
Алмагүл Кенжетаева – «Рахмет саған, анашым!» қоғамдық бірлестігінің төрайымы. Ол аутизм дертіне шалдыққан екі баланың анасы.
Бүгінде бүкіл планета сәби  мерекесі — әрбір баланың әл-ауқаты мен бейбіт өмірін бұзатын кез келген проблемаларды жою. Дүниежүзілік балалар күніне біздің жерімізде тұратын әрбір баланың мүдделері мен құқықтарын қорғауға шақырылған.
–Үкімет тарапынан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға қамқорлық бар, оларға санаторий, курортқа жолдама беріледі. Ал 18 жастан асқандар қоғамнан тыс қалып жатады да, аса қолдауды қажет етеді. Қазір, міне, осындай балалармен айналысатын шағын орталықтар бірігіп, кешенді қызмет көрсететін үлкен орталық ашуды жоспарлап отырмыз. Сонда олар өздері сияқты балалармен араласып, достасуына, түрлі спорттық ем-шараларды бір жерден алуына тиімді болмақ. Елімізде балалардың денсаулығын жақсарту, сондай-ақ нәресте өлімін азайту үшін бірқатар жүйелі шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, аурулар мен даму бұзылыстарын уақтылы анықтау үшін жыл сайын 3,1 миллионнан астам баланы, скринингтік тексерулер – 1,6 миллионнан астам жас балаларды қамтитын профилактикалық тексерулер жүргізіледі. Ерте жастағы балаларға күтім жасау мәселелері бойынша кеңес беру үшін 1500-ден астам баланы дамыту кабинеті ұйымдастырылған. Қазіргі күні шағын орталықтарда балалардың шығармашылықпен айналысуына жағдай жасалған. Қолөнерге баулып, сол арқылы баланың ой-өрісінің дамуына ықпал ету де – басты мақсатымыз. Осы арқылы екінші жағынан қоғамға да пайдасын тигізер еді, — деді орталық басшысы Фарида Полуанқызы.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ ЖАРЫС БАСТАЛДЫ

smarttop

ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПШІЛЕР ШЫМКЕНТТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІМЕН ТАНЫСЫП ЖАТЫР

smarttop

ТІЛДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру