12.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШАҺАР БАСШЫСЫ ЖЫЛУ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ БАСШЫЛАРЫМЕН ЖИЫН ӨТКІЗДІ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов қаламызды жылумен қамтамасыз ететін мекеме басшыларымен арнайы жиын өткізді.
Жиын барысында «3-Энергоорталық» АҚ, «Қуатжылуорталық-3» МКК, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «КЕГОК» АҚ Оңтүстік Филиалы, «КазТрансГаз Аймақ» АҚ ШӨФ мекеме өкілдері жылу беру маусымына орай, қазіргі жұмыс барысы және төтенше жағдайлардың алдын алу дайындығы туралы баяндады.
«Станцияда 2 қазандық пен 2 турбина арқылы штаттық режимде жылу берілуде. Температуралық және гидравликалық көрсеткіштер бекітілген нормаға сәйкес. Құрылыс және қауіпсіздік жөніндегі тексеру жұмыстары тұрақты түрде өткізілуде”,-деді “3-Энергоорталық” АҚ бас директоры Қ.Х.Оңғарбаев.

Шымкент қаласының білім беру мекемелері қысқы жылу маусымына толық дайындалды. 120 білім мекемесі «Қуатжылуорталығы-3» МКК арқылы, 124 білім ордасы жеке қазандықтан жылытылады.
Бүгінде жылыту жүйесі қатты отынмен жұмыс істейтін мекеме саны –17, сұйық отынмен жұмыс істейтіндер саны – 3. Білім басқармасы мамандарының айтуынша, 17 мекемеге 4 701 тонна қатты отын, 3 мекемеге 190 тонна сұйық отын сатып алынып, білім беру ұйымдарына толық жеткізілді.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап қаланың жылу жүйелерін сумен толтыру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда магистралдық және ішкі орамдық жылу жүйелері 100 % сумен толтырылған.
Жылу жүйесінде қандай да бір мәселе туындаса сервистік мекемелерге ескерту жасауыңызға болады. Шаһар басшысы баяндамаларды жеке-жеке тыңдап, олқылықтар мен төтенше жағдайлардың болуы мүмкін қауіптерін анықтап, тез арада алдын алу шараларына кірісудің алгоритмін пысықтауды тапсырды. Күрделі құрылғылар мен жалпы жүйенің техникалық жағдайына қатысты ақпараттардың ашық және дер кезінде ұсынылудың аса маңызды екенін атап өтіп, қаланы жылумен қамтамасыз ету бағытындағы жалпы жүйенің жыл сайын тексерулерден өтуі мен жаңартылып отыруын, сервистік жұмыстардың сапалы атқарылуын қатаң бақылауға алынуын жүктеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУ ҚЫЗМЕТІ ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТҚА КӨШТІ

smarttop

Полицейлер көршісінің 1 500 000 теңгеге жуық алтын бұйымдарын ұрлаған күдіктіні ұстады

smarttop

ҚАЙТАРЫМСЫЗ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ АЛУҒА ӨТІНІШ БЕРЕ АЛАСЫЗ

smarttop

Пікір қалдыру