13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ АЛАҢША ОРНАТЫП БЕРДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жыл сайын елімізде «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жобасы жүзеге асып келеді. Жас жеткіншектерді қолдауға арналған жобаға – ғылым, медиа, бизнес, мәдениет және IT саласындағы 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтар өтінім бере алады. 2022 жылы аталмыш грантқа Шымкенттен 14 жоба ұсынылған. Жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыруға ұмтылған жандардың бірі – Дияра Жолдасбай. Ол грант иегері атанып, өз жобасын іске асырды.
№23 мектептің 10 сынып оқушысы Дияраның жобасы ерекше. Ол бүгін Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қолайлы спорттық алаңшаны ашты. Жас өнертапқыш әткеншек пен қоссырықтың құрылу механизмін жасап шығып, оны Шымкенттегі «Рахмет, саған анашым!» атты мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамдық бірлестігінің алаңшасына орнатып берді.
–Мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы спорттық алаңша жасау 2019 жылы еріктілер қатарында жүргенімде туындады. Содан бастап іздене бастадым. Мені ылғи да арбада отырған жандар әткеншекке мініп көрсе, спортпен айналыса алатын мүмкіндігі болса екен деген ой мазалайтын. Іздене келе Қазақстанда мұндай жоба жоқ екенін білдім. Шетелдік жобаларды қарай келе өз нұсқамды жасап шығардым. Грант иегері атанғаннан кейін қала әкімдігінің қолдауымен осы мекеменің алдынан алаңшаны орнаттық,– дейді Дияра Жолдасбай.
«Рахмет, саған анашым!» қоғамдық бірлестігі мүмкіндігі шектеулі ата-аналардың ұйымдасуымен құрылған. Мұнда 14 пен 35 жас аралығындағы 20 бала күндізгі уақытта қатынайды. Мекеме басшылығы алаңша үшін ризашылығын білдірді. Мереке аясында ерекше жасөспірімдер концерттік бағдарламада өз өнерлерін көрсетіп, қуаныштарымен бөлісті.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

Түркістан облысының полицейлері өртенген көлікті дер кезінде сөндіруге көмектесті

smarttop

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ: “ШЫМКЕНТТІҢ ӨНЕРКӘСІП АЙМАҚТАР ҚҰРУ ТӘЖІРИБЕСІ БАРЛЫҚ ӨҢІРДЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ”

smarttop

Шымкент ХҚКО-лары арқылы жеті айда 112 мың паспорт пен жеке куәлік берілді

smarttop

Пікір қалдыру