Smarttop.kz

КҮН ТӘРТІБІНДЕ — ЖОЛ САПАСЫ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов шаһарға қарасты “Арғымақ”, “Ақтас -1”, ”Ақжар” еді мекендеріне барып, жол сапасын тексерді.
Ақжар тұрғын алабында жолдардың жалпы ұзындығы 26,2 шақырымды құрайды. Оның 5,7 шақырымына шағал тас, 19,6 шақырымына асфальт жабыны төселген, қалған 0,9 шақырымы топырақ жол.
Ал Ақтас-1 елді мекеніндегі жолдардың ұзындығы 11,3 шақырымды құраса, оның 1,1 шақырымына асфальт жабындысы, 10,2 шақырымына шағал тас төселген. 0,2 шақырымы топырақ жол.
“Арғымақ” елді мекеніне қарасты жолдардың ұзындығы 6,2 шақырымды құраса, оның 5,8 шақырымына шағал тас төселген, 0,4 шақырымы топырақ жол.
Бұл туралы қала әкімінің аралауы барысында қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының міндетін атқарушы Мұхтар Саттиллаұлы баяндады.Мәселен ағымдағы жылы «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Шымкент қаласы бойынша филиалы қайта құру, жөндеу және құрылыс объектілеріне 131 рет рейдке шығып,  255 жол-құрылыс материалдарының сынамасын алып, сынақтан өткізген.  Оның ішінде 124 сынама талапқа сай болмай шыққан.  Қысқасы, 463 ақаулар пен кемшіліктер анықталған.

«Бүгінгі таңда ол ақаулар жөнінде  мердігерге, тапсырыс берушіге хаттармалар толтырылды.  Қазір  қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде», – деді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК  Шымкент қалалық филиалының директоры  Мұхтар Дүйсембеков.

Жалпы ағымдағы жылы мегаполистің 256 көшесі жаңғыртылады. Оның 225-і орташа, алтауы күрделі жөндеуден өткізіледі. Бұл мақсатта 26,9 миллиард теңге жұмсалады.

Атап айтқанда, Жеңімпаз, Байеділ, Белдеутас, Белқұдық, Саумалкөл,Айыртау, Сұлутөбе, Тоқбергенов, Қазақстан 60 жыл, Сейфуллин, Қорғалжын, Шаңдыкөл, Жетіқара, Өркен және №3, №4 көшелерде жол құрылысы жүргізілді. Бүгінгі таңда жол құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып ел игілігіне пайдалануға берілді.
Шымкент қаласы аумағында жол құрылыс жұмыстары 2021-2025 жылдарға арналған жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШАҺАРДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ҚАРҚЫН АЛДЫ

smarttop

Полицейлер «1 Мамыр — Қазақстан халқының мерекесіне» орай оқушылар арасында сайыс ұйымдастырды

smarttop

«Мың жүйрік» республикалық байқауын осымен екінші рет ұйымдастыруы

smarttop

Пікір қалдыру