3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН АҚТАУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның Шымкент жұмыс тобының бастамасымен «ХХ ғ. І жартысындағы Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі саяси қуғын-сүргін: жаңақазақстандық қоғам көзқарасымен зерделеу мен зерттеу» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды. Жиынға сонымен қатар М.Әуезов атындағы ОҚУ мен ОҚМПУ атсалысты.
Ғылыми конференцияға Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның Жобалық кеңсесінің мүшесі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі комитетінің бас сарапшысы С.Алғалиев, мемкомиссияның өңірлердегі жұмыс топтарының өкілдері, ғалымдар қатысты. Конференцияға қатысушылар «Тоқтаған уақыт» атты оңтүстіктегі қазақ байларынан тәркіленген бұйымдар көрмесімен танысты.
— Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның Шымкент жұмыс тобы екі жылға жуық мерзімде комиссия бекіткен 11 бағыттың 9 бағыты бойынша жұмыс жүргізді. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау, тарихи әділдікті қалпына келтіру мақсатында мемлекеттік комиссия ұсынған есімдер бойынша да құжаттар зерттелді. Шымкент қаласының әкімдігі ары қарай да істің нәтижелі жүргізілуіне қолдау білдіріп, атсалысатын болады- деді, Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Б.Әділханов.
Ал Бас сарапшы С.Алғалиев әлі де тарқатылмаған сыры көп, ғылыми конференцияға арқау болған тақырыптарды ғылыми орта ғана талқыламай, әрі қарай ЖОО қабырғасындағы студенттер мен магистранттар да өзінің ғылыми жұмысы ретінде зерделесе деген тілегін жеткізді.
-Өңірлік комиссиялардың жетекшілігі әкім аппаратының қызметкерлеріне жүктелген. Бүгінде әр аймақтың жоғары оқу орындарының ғалымдары, ізденушілерінен құралған ғылыми ортасы ақтау жұмыстарына ерекше атсалысып келеді. Олардың жинаған құжаттары негізінде жинақтар басылды. Өткен жылы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің көптеген құжаттарының құпиясыздандырылуы нәтижесінде бірқатар архив құжаттары кітап болып басылып, жер-жерге тарқатылды. Осы үрдіс ары қарай жалғасын табады, -деді Серік Сәкенұлы.
ҚР Президенті архивіндегі ХХ ғасырдағы саяси-қуғын сүргін материалдарын зерделеу орталығының жетекшісі Г.Нұрымбетованың айтуынша, мемлекеттік комиссияның жұмысына архивтердің тигізер көмегі зор.
— Келешекте бұл құжаттардың электрондық нұсқасы да әзірленіп, қорда сақталатын болады, — дейді Гүлшат Рамазанқызы.
М.Әуезов атындағы ОҚУ «Рухани жаңғыру және ҚХА» орталығының басшысы, т.ғ.к., доцент, жұмыс тобының бағыт жетекшісі Г.Жанысбекованың айтуынша, өңірлік жұмыс тобындағы 25 зерттеуші зерделеген құжаттар республикалық сараптамадан соң көптомдықтың 430 беттік екінші томына енгізіліп, баспаға ұсынылып отыр.
Айта кетейік, ғалымдар пленарлық отырыстан соң, 5 секцияға бөлініп, бағыттық жұмыстар бойынша талқылау жасады.
«Шымкент келбеті»
Суреттерді түсірген Серік ҚОСАЕВ.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ ҚАЛАНЫҢ 2035 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫМЕН БІРГЕ, ХАЛЫҚ САНЫ 1,2 МЛН АДАМНАН 1,9 МЛН АДАМҒА ӨСУІ КӨЗДЕЛГЕН

smarttop

ҚОЛҒА АЛЫНҒАН ЖОБАЛАРДЫ НӘТИЖЕЛІ ІСКЕ АСЫРУҒА ҮЛКЕН МҮМКІНДІК

smarttop

АЭС ҮШІН АЙТЫС…

smarttop

Пікір қалдыру