Елімізде баспанаға деген қолжетімділік – өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Тұрғын үй басқармасы басшысының аптаның әр сәрсенбі күніне азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітілген. Қабылдауда болатын азаматтар әрине тұрғын жай мәселесімен келіп жүгінеді. Көпшілігі тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, халықтың әлеуметтік әлсіз топтары. Жеке қабылдауда болған азаматтарға барынша Заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құқықтық көмек көрсетілуде. Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67,74 — баптарына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй белгіленген тәртіппен кезек реті арқылы беріледі. Жалпы биыл кезектегі азаматтар бойынша 748 отбасыны сатып алу құқығынсыз арендалық баспанамен қамту жоспарланып, оның ішінде ағымдағы жылы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша – 31, көпбалалы отбасылар – 175, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы бойынша – 112 отбасыға пәтер табысталды. Қалған пәтерлер алдағы уақытта пайдалануға тапсырылатын болады. Бұдан бөлек биыл жастар бағдарламасы бойынша 857 азамат сатып алу құқығынсыз пәтермен қамтылу жоспарланған. Шымкент қаласы бойынша 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар бағдарламасына өтінімдер қабылдау 2022 жылдың 28-29 шілде және 6-7 қазан аралығында жүргізілді. Нәтижесінде аталған бағдарлама бойынша алғашқы кезең бойынша 211 азамат тұрғын үй мен қамтылды. Ал 6-7 қазан аралығында жүргізілген 286 пәтер бойынша жастардан қабылданған өтінімдер қазіргі таңда қаралымда. Аталған конкурстың нәтижесі өтінімдердің ауқымдылығына байланысты алдағы уақытта айқындалатын болады.
Аталған бағдарлама бойынша 211 пәтер Тұран шағын-ауданында, 286 пәтер (189 орам, Шымсити), 360 пәтер Бозарық ш.а. орналасқан. Аталған пәтерлерге өтінім қабылдау кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.Сонымен қатар, бұл бағдарлама бойынша 2020 жылы – 904 азамат, 2021 жылы – 300 азамат пәтермен қамтылған болатын.