3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

«ГИДРОНЕФРОЗ» ДИАГНОЗЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

Қалалық клиникалық балалар аурухана базасында мұндай отаны хирургтар алғаш рет жасап, оң нәтижеге қол жеткізіп отыр. Науқастың операциядан кейінгі жағдайы жақсы, оны дәрігерлер күнделікті тексеріп, бақылауда.

«Түскен кездегі баламның жағдайы ауыр еді, бет-аузы іскен. Оған «гидронефроз» диагнозы қойылды. Ақ халаттылар дереу операцияға алып, баламды аман алып қалды. Дәрігерлерге айтар алғысым шексіз»,-дейді науқастың анасы Маргуба Ергешова. Пациентті толық тексеріп шыққан мамандар күрделі ота жасап, зәр шығаратын аумағындағы кеңейіп кеткен астаушаларын пластикалық жолмен емдеген.Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігер-хирургі Қайрат Ізбасов астаушасына ота жасалған баланың бүйрегін осылайша сақтап қалғанын айтады.“Бүйректің қызметі 70-80 пайызға жақсарды. Бұл ота жалпы наркозбен, ашық түрде жасалады. Зәр шығару жолын жеңілдеттік. Алдағы апта ауруханадан үйіне шығарылады»,-дейді ол.

Айта кетейік, қалалық клиникалық балалар аурухана дәрігерлері арнайы оқытудан өткен, соған орай арнайы урологиялық төсек орындар да ашылды.

Көріп отырғанымыздай, дәрігерлеріміздің біліктілігі артып келеді. Енді қала халқының денсаулық жағдайы жақсара түсетіні анық.Шымкенттегі медицинаның дамып келе жатқанының, білікті ақ халаттылардың аз еместігінің тағы бір дәлелі төмендегі оқиға. Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық ауруханада алғаш рет мәйіт донорлығымен бауырға трансплантация жасалды. Операция 6 сағатқа созылған.Бауырын алмастырған науқас бес жылдан бері созылмалы бауыр циррозымен есепте тұрған. Қазір оның жағдайы жақсы, реанимациядан палатаға ауыстырылды.

“Мұндай операция оңтүстік өңірінде алғаш рет жасалып отыр. Марқұмның туыстары мәйіт донорлығына заңды түрде келісімін берген. 16 қараша күні түнгі сағат төртте отаны бастадық. Мәйіт донорының өзге де ағзаларын Астана мен Астана қаласындағы емдеу мекемелерінің мамандары санавиациямен әкетті. Операциядан кейін төртінші тәулікте науқас өздігінен тұрып жүр. Жағдайы жақсы. Негізінде мәйіт донорлығынан операция сирек жасалады, оның үстіне дүние жүзінде донор тапшы. Шымкентте ағза алмастыру операциясы 2013 жылдан бері қолға алынған. Бүгінге дейін 191 бүйрек, 30 бауыр трансплантациясы жасалды”,-дейді дәрігерлер.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕРДІҢ САЯСИ КӨШБАСШЫЛЫҒЫ МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

smarttop

Түркістан облысында жер телімінің құжатын жасап беремін деп алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

smarttop

М.ӘЙТЕНОВ БИЗНЕС ҚАУЫМДАСТЫҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

Пікір қалдыру