0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАРТ ЖАУЫНГЕР — 100 ЖАСТА

🔷 Шымкент қаласында тұратын Нина Мосунова екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан, бүгінде көзі тірі үш майдангердің бірі. Соғыста пулеметші, радист болған қарт жауынгер биыл 100 жасқа толып отыр. 🔷 Соғыс ардагері Нина Егорқызы Мосунова 1924 жылы 9 наурызда Татарстан-Урустамак елді мекенінде туылған. 1939 жылы мектеп бітірген соң ауыл шаруашылығы фермасына жұмысқа тұрып, 1940 жылы ферма меңгерушісі болып сайланды.Майдангер бүгінде соғыс жайлы тіпті есіне алғысы келмейді. 18 жастағы бойжеткен 1943 жылы өзі сұранып Можайск маңындағы шайқастың ортасына түскен. Радистер бөліміне жетекшілік етеді. Жаумен бетпе бет келген әрбір ұрыс — өмір үшін арпалыс. Мұны қолыма пулемет ұстап, жаумен бетпе-бет айқасқанда анық сезіндім, дейді ол.Бүгінде екі омырауын тұтастай жауып тұрған орден мен медаль қарт майдангердің көзсіз ерліктерінің айғағы. От-жалында шыңдалған жауынгер елге келгесін ұзақ жыл бойына кітапханашы, коммуналдық шаруашылық бөлімінде еңбек етті. Ғасыр жасағанына қарамастан Нина Мосунова әлі де ширақ. 1942 жылы 18 жасар бойжеткен қазан айында әскерге өз еркімен алынып, Қазан қаласында телеграфист мамандығын иеленіп, Горький қаласына ауысты. 🔷 1943 жылы Можайск маңындағы соғысқа пулеметші болып қатысып, 36 әскери бөлімнің «Зенит» бригадасында қызмет етті. Онда радистер бөлімінің командирі болды. 1944 жылы Урустамак елді мекенінде жұмыс істеді. 1945 жылы Башкирияның Октябрьск қаласына көшті. 1945 жылдан 1946 жылға дейін кассир, 1948 жылы кітапханашы болып жұмыс істеді. Нина Егорқызы 1948 жылы ол Қазақстанның Шымкент қаласына көшіп келген. 🔷 1948-1955 жылдары қалалық коммуналдық шаруашылық бөлімінде жұмыс істейді. 1967 жылы «КазЮгвзрывпром» басқармасында хатшы-машинистка болып орналасты. Германияны жеңгені үшін медалімен марапатталған. Қазір баласынан 2 немере 5 шөбере сүйіп отыр. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

smarttop

ЗИЯТКЕР ҰЛТ ТӘРБИЕЛЕУ — МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

smarttop

МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚОСЫМША ҒИМАРАТЫ КЕЛЕР ЖЫЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру