16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ ГАЗ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ ТАРАПЫНАН ТЕКСЕРУ

Газ техникалық инспекция бөлімі тарапынан қала әкімінің және қала әкімі орынбасарының хаттамалық тапсырмаларына сәйкес, тұрғындарымен газды пайдалануда қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша үгіт-насихат түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп,  2021 жылы жалпы саны 25 860  дана жадынамалар таратылған болса, 2022 жылдың бүгінгі күнге дейін 42 670 жадынама таратылды.

Бүгінгі таңда, қала аумағында орталық газ жүйесіне қосылған абоненттердің жалпы саны: 213 527.

Оның ішінде: Көпқабатты тұрғын үйлер бойынша: 95 285,      Жеке сектор бойынша: 118 242 абонент, Өндірістік кәсіпорындар және әлеуметтік нысандар бойынша: 366 және Тұрмыстық шаруашылық мекемелер бойынша: 6 700 абонент.

Қала аумағында 161 ГРП, ГРУ (газораспределительный пункт, установка) бар, ШРП (газораспределительный пункт шкафной) саны — 1398, ШП (шкафной пункт) саны — 53520 құрайды.

Сонымен қатар, тұрғындардың газ пайдалануда қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша 2 видеоролик БАҚ өкілдерінде және интернет ресурстарында әлеуметтік желілерде (инстаграмм, фейзбук және т.б.) 36 мақала жарияланды және БАҚ өкілдерінің қатысуымен 1 брифинг, арнайы мамандандырылған мекемелердің (ВДГО) басшыларымен 2022 жылы   9 (тоғыз) жиналыс және 2 (екі) тікелей эфир өткізілді. Шымкент қаласы аумағында тарайтын БАҚ-да 14 мақала жарияланған.

2022-2023 жылғы жылыту маусымына алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізу үшін, жыл басында аудан әкімдіктері мен аудан төтенше жағдайлар басқармасы және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ШӨФ басшыларына хат жолданып, жыл соңына дейін кесте бекітілген. Бекітілген кестеге сәйкес, қала тұрғандарына газбен байланысты оқыс-оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында газды пайдалануда техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша үгіт-насихат түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Бұл профилактикалық жұмыстың мақсаты қала тұрғындарының өмірі және денсаулығының қауіпсіздігі және газға деген жауапкершілін арттыру.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТКЕН «МЕТАЛЛУРГ» СТАДИОНЫ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА СЕРПІН БЕРУДЕ

smarttop

ПРОКУРАТУРА ТУРАЛЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

smarttop

ШЫМКЕНТ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДАН РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАП ТҰР

smarttop

Пікір қалдыру