22.3 C
Шымкент
Четверг, 19 сентября, 2024
Smarttop.kz

«TURAN ГХА» СПОРТ НЫСАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Шымкент қаласында 2022 жылдың 9 айында өткізілген іс-шараларға тоқталып өтсек, әр түрлі жас ерекшеліктері арасында спорт түрлері бойынша 29 қала чемпионаттары өткізілді. Өткізілген чемпионаттарға барлығы 4350 спортшы қатысты. Қаламызда спорт түрлерінен 29 Қазақстан Республикасының чемпионаттары және 9 республикалық жарыстар өтті. Аталған іс-шараларға Қазақстанның барлық өңірлерінен 13800-ге жуық спортшылар мен жаттықтырушылар қатысты.

Нысанда қарастырылған 4 футбол ангарының қаңқасы тұрғызылып, сыртқы қаптау жұмыстары аяқталған. Қазіргі уақытта, ангар ішіне қажетті жабдықтар орнатылды. Сонымен қатар, қосымша ғимарат қабырғалары қалалынып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Теннистен «ATP SHYMKENT CHALLENGER 80» халықаралық турнирі өтті. Жарысқа 20 мемлекеттен 60 спортшы қатысты.

Сонымен қатар, қала тұрғындары мен әр түрлі сала қызметкерлері арасында 27 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізілді. Бұл іс-шараларға 17300 адам қамтылды.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында қаламызда өткен бұқаралық-спорттық іс-шаралар айтар болсақ, ЖАСТАР ЛИГАСЫ (II-маусым)

Жастар лигасы жобасына деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді. Өткен жылы 140 мектеп қатысқан болса, биылғы біріншілікке спорттың төрт түрінен қаладағы 151 орта мектептен  6 мыңға жуық оқушы қатысты.

Жеңімпаз 4 командаға су жаңа шағын автобустың кілті табысталды.

Шахмат – Өмірбек Жолдасбеков атындағы №9 IT мектеп-лицейі,

Баскетбол – М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясы,

Волейбол – Әл-Фараби атындағы №113 жалпы орта білім беру мектебі,

Футбол – Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы.

Қазіргі уақытта, Шымкент жастар лигасының ІІІ маусымының (2022-2023 ж.ж. оқу маусымы аралығында өткізеледі) ашылу рәсімі өткізіліп, спорт түрлері бойынша жарыстар ойын кестесіне сәйкес өткізілуде.

Ұқсас ақпараттар

ШАПЫРАШТЫ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

КОДЕКС ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН АРТТЫРУДА

smarttop

АЙТЫЛДЫ — ЖАСАЛДЫ ✅️

smarttop

Пікір қалдыру