9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Спорттық секцияларды жан басына шаққандағы қаржыландыру

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты, қаламыздағы мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласының төрт ауданында орналасқан спорт алаңшаларында (қалада жалпы- 346 алаңша бар) әр аптаның жексенбі күндері аудан әкімдіктерімен бірлесіп «Аула чемпионаттары» ұйымдастырылуда. Аталған спорттық іс-шараға 5-17 жас аралығындағы балалар спорттың 6 түрінен (асық ату, ләңгі тебу, баскетбол добын торға түсіру, футбол қақпасына доп тебу, қыздар арасында скакалкамен секіру, гимнастикалық шеңбер айналдыру) сынға түсуде. «Аула чемпионатында» жеңімпаз болған балаларға диплом, медаль және кубоктар табысталып, қатысқан барлық балаларға арнайы сыйлықтар берілуде.

Бүгінгі күнге дейін Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарында 48 спорт алаңшада «Аула чемпионаттары» өткізілді. Осы өткізілген спорттық іс-шараларға 3600 ден астам балалар қатысып, 120 ға жуық спорт саласының мамандары жұмылдырылды. «Аула чемпионатын» жыл соңына дейін                  спорт алаңшаларда (әр ауданда орналасқан 32 алаңшада өткізілетін болады) жыл соңына дейін өткізу жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті бұқаралық спортты дамыту және насихаттау мақсатында 2022 жылдың мамыр айынан бастап «Қолжетімді спорт» жобасы жұмысын Шымкент қаласында іске қосты.

Жоба қаладағы 4 саябақта  (Орталық, Жеңіс, Металлургшілер саябағы және Абай саябағында) іске асырылуда.

Бұл жобада 12 жаттықтырушы спорттың 4 түрінен (Скандинавиялық жүріс, Үстел теннисі, Каратэ, Фитнес) қала тұрғындарымен жаттығу жұмыстарын жүргізуде

Шымкентте биыл 5-ші рет өткен жүгіру марафоны рекорд орнатты. Оған 5 мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде 6 жастағы баладан, 76 жастағы қарияға дейін бар. Марафонға әр облыс, қаладан және алыс-жақын шетелдерден атап айтқанда: Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь, Қырғызстан елдерінен келген әуесқой спортшылар бірнеше қашықтық бойынша бақтарын сынады. 5, 10, 21, 42, скандинавиялық жүріс (5 км.)

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА 150 МЫҢ ТЕКШЕ МЕТР ГАЗОБЛОК ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІЛЕДІ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛУДА

smarttop

УЧИТЕЛЯ ШКОЛЫ ВСТРЕТИЛИСЬ НА ЗЕЛЕНОЙ ПЛОЩАДКЕ

smarttop

Пікір қалдыру