Smarttop.kz

«БАҚЫТТЫ ЖАНҰЯ» ОРТАЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ 600-ДЕН АСА АЗАМАТША КӘСІПТІҢ ҚЫР-СЫРЫН ҮЙРЕНДІ

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты 14 әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтар бар. Халықтың әлеуметтік ахуалын көтеру мақсатында мемлекет тарапынан ұдайы қолдау көрсетіліп, басқармаға қарасты мекемелердің материалдық-техникалық базасы жыл сайын жақсарып келеді.

Шымкент қаласындағы отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесімен тікелей айналысатын бірегей мекеме — «Бақытты жанұя» орталығы. Орталықтың мақсаты – қиын жағдайға тап болған әр-бір отбасыға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек, сонымен қатар, отбасы институтының дамуына жан-жақты қолдау көрсету.

Мекеме жалпы 20 бағыт бойынша қызмет алушыларға көмек көрсетсе, биыл жыл басынан қысқа мерзімді тегін оқу курстарынан 600-ден аса ана өткен.

Бүгінгі таңда, қала бойынша 37 014 адамға (ақпараттық қолдау, психологиялық, медиаторлық, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй кезегіне тұру, Еqov.kz порталы арқылы құжаттарды тапсыру немесе алу қызметтері, aleumet.egov.kz сайты арқылы азық-түлік себеттеріне тіркелуіне және т.б.) қызмет көрсетілді. Оның ішінде: 527 азаматқа психологтың жеке кеңесі, 381 азаматқа заңгер кеңесі берілген.

Табыс тауып, кәсібін игеруге қолдау көрсету үшін арнайы тігіншілік, кондитерлік, компьютерлік сауаттылыққа үйрету, шаштараз, SMM, балаларға арналған массаж, маникюр-педикюр, дефектолог-логопед курстары ұйымастырылған. Кәсіптік тегін оқу курсынан өткен азамтшалар арасында кәсіптің қыр-сырлары туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, «Бизнес бастау» мемлекеттік бағдарламасы аясында 12 ана грант иегері атанды. Бүгінде кәсібін ашқан азаматшаларға құқықтық көмектер көрсетілуде.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ҮШ АЙ КӨЛЕМІНДЕ 219 ОТБАСЫ «ҚАНДАС» МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

smarttop

Үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған 16 жасар қыз Алматы қаласынан табылды

smarttop

МЕГАПОЛИСТЕ САЯБАҚТАР САНЫ АРТАТЫН БОЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру