Smarttop.kz

«ОРДАБАСЫ» ФУТБОЛ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АЛАҢЫ ЗАМАНАУИ ТАЛАПҚА САЙ ЖАҢАРДЫ

Озық үлгіде қайта жабдықталған футбол алаңының салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов нысанның тұсауын кесіп, спортшыларға ізгі тілектерін жеткізді.

Игілікті іс федерация мен «Ордабасы» футбол клубы арасында нысандарды жаңарту мақсатында қолға алынған «Алаң» жобасы аясында қолға алынған. Бір айда атқарылған құрылыс барысында футбол алаңына итальяндық үлгідегі газон төселіп, алюминий қақпалар орнатылды.

Қала басшысы мегаполисте бұқаралық спортты қолдау бағытындағы жұмыстардың ауқымды екенін атап өтті.

– Қайырымдылық істің бастамашысы болған ҚФФ президентіне өз алғысымды білдіремін. Нысанда жаттығатын жастарымыздың әлемдік деңгейде көрінуіне тілектеспін. Бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасауды жалғастырамыз, – деді қала әкімі.

Соңғы үлгіде жабдықталған футбол алаңында 250-ге жуық жасөспірім жаттығады. Ауқымды жоба аясында биыл елімізде 4 футбол алаңын салу жоспарланған.

Ұқсас ақпараттар

В ходе паводков было спасено свыше 120 тыс. граждан в Казахстане

smarttop

ШЫМКЕНТТІҢ ШЫРАЙЫ — ШӘМШІ

smarttop

Жүргізуші куәлігі жоқ жас жігіт 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

smarttop

Пікір қалдыру