4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖҮРІП-ТҰРУЫ ҚИЫН АЗАМАТТАРДЫ ТАСЫМАЛДАУҒА АРНАЙЫ ТАКСИ БӨЛІНГЕН

Шымкентте биыл «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау» басқармасы мемлекеттік сатып алу шеңберінде «Бота-Туркестан» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігімен келісімшарт жасады. Келісімшартқа сәйкес, қоғамдық бірлестік тірек-қимыл аппараттары бұзылған бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар ересек адамдар мен балаларды тасымалдау үшін әлеуметтiк такси қызмет ететін болды.
Бүгінде аталған қаржы есебінен Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, жүріп — тұру қиын бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар 16 жасқа дейінгі балалар такси қызметін тегін пайдаланып отыр. Бір айта кетерлігі тасымалдау әлеуметтік және инватакси қызметі болып екіге бөлінеді.
Жыл басынан бері әлеуметтік такси қызметін алу үшін мүгедектігі бар 769 ересек адам мен баланың қорғаншылары өтініш білдірген.
Мемлекеттік сатып алу келісімшартына сәйкес әлеуметтік такси қызметін 43 автокөлік атқарады. Ескеретін жәйіт, биыл әлеуметтік такси қызметіне өтінімдер көбейген. Осыған байланысты қосымша 10 машина да бөлінді. Ал, инватакси қызметі бойынша басқарма «Шымкент қаласындағы қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігімен келісімшарт жасасты.
Шымкентте инватакси қызметін жыл басынан бері мүгедектігі бар 589 ересек адам мен бала пайдаланды. Қызмет көрсетіп жүрген 18 машинаға өтінімдер санының артуына байланысты тағы 10 машина бөлінді.

Ұқсас ақпараттар

РЕСТОРАНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ КЕЛУШІЛЕРГЕ ТЕГІН 2200 ШЫНЫ «ШЫМКЕНТ ШАЙЫ» БЕРІЛІП, РЕКОРДҚА ҰСЫНЫЛДЫ

smarttop

ЭКСПОРТТЫҚ ӨНДІРУШІЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ

smarttop

А-2 АЙНАЛМА ТАС ЖОЛЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖҰМЫСТАРЫ 82% ПАЙЫЗҒА ОРЫНДАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру