Smarttop.kz

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖАСТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Тәуелсіздік күні қарсаңында Шымкентте «Үздік жастар — 2022» премиясының иегерлері марапатталды. Бұл сыйлық Шымкент қаласының дамуына үлес қосып жүрген түрлі саладағы жас мамандарды ынталандырып, олардың жеткен жетістіктерін замандастарына үлгі ету мақсатында беріліп, жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.
Биыл байқауға 14-29 жас аралығындағы 176 үміткер құжат тапсырған. Үздік жас мұғалім, ғалым, дәрігер, ақын, хореограф, спортшы, суретші, журналист, редактор, құқық қорғаушы, кәсіпкер, волонтер сынды 31 аталым бойынша байқау комиссиясының іріктеуінен өткен үздіктерді Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов марапаттап, бағалы сыйлық табыс етті.
Айта кетейік, салтанатты жиын Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтті.
«Шымкент келбеті»
Суреттерді түсірген Серік ҚОСАЕВ

Ұқсас ақпараттар

58.1 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

smarttop

НЫСАНА ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ӘРТІСІМЕН ӨТКЕН ӘДЕМІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

smarttop

МҰРАТ ӘЙТЕНОВТІҢ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру