Smarttop.kz

ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ШЫМКЕНТТІКТЕР ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

10-12 желтоқсан күндері аралығында Астана қаласында Джиу-джитсудан Қазақстан Республикасының кубогы өтті. Жарысқа шымкенттік спортшы қыздар мен жігіттер де түрлі салмақ дәрежесінде қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Нақтырақ айтсақ, жарыстың қорытындысы бойынша қыздардан Исабек Назерке 63 кг салмақта контак түрінен 1- орын, алса, 3 -орынды файтинг түрінен алды. Ал Дегенбай Жанар 63 кг салмақта 1 файтингтен 1-орын алса, 2 — орын контакт түрінен алды. Сонымен бірге Төреханова Айгерім 57 кг салмақта 2- орынға контакт түрінен ие болды.
Жігіттер арасында Таджибаев Нұрбек 85 кг салмақта 2 -орынға контакт түрінен көтерілсе, 3- орынды файтингтен алды. Ал Жақыпбекұлы Олжас 62 кг салмақта контакт түріне 3 орынға ие болды.
Жалпы, Джиу-джитсу, шығыс халықтарының жекпе-жектен спорт түрлерінің негізін қалаған жапондықтардың дәстүрлі, ұлттық күресі. Джиу- джитсудың ерекшелігі шабуыл жасаған қарсыласына дүлей қара күшті қолданбай.
Айта кетейік, Қазақстан Джиу-джитсу ұлттық федерациясы (ҚДҰФ) 1992 жылғы 26 ақпанда құрылып, ҚР Әділет министрлігінде тіркелді

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТТЕР: «ҚТЖ» ФИЛИАЛЫ МЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЕСКЕРТУЛЕР ЖАСАЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ ЖАНЫНАН КОЛЛЕДЖ АШЫЛДЫ

smarttop

ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ- ҚОҒАМ НАЗАРЫНДА

smarttop

Пікір қалдыру