0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛАНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ

Бүгін Шымкент қаласындағы «Достық үйінде» шаһардың 2035 жылға дейінгі Бас жоспарының жобасын талқылау бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Оған Бас жоспардың жобасын әзірлеген компаниялардың өкілдері, қаланың білікті сәулетшілері, Қоғамдық кеңес мүшелері мен қоғам белсенділері қатысты.
Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Ержан Нұразхановтың айтуынша, Бас жоспардың жобасын талқылаудың екінші кезеңі 1-12 желтоқсан аралығында өтіп жатыр. Бірінші кезең биылғы шілде-тамыз айларында 1 ай бойына жалғасып, онда тұрғындардан көптеген ұсыныстар мен өтініш-тілектер түскен. Ұсыныстар мамандар тарапынан сараланып, орынды деп танылғандары Бас жоспарға енгізілген.
Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласында тұрғындар саны 1 миллион 112 мың адамды құраса, Бас жоспарда 2035 жылға дейін халық саны 1 миллион 850 мың адамға жетеді деп көрсетілген. Осыған сәйкес құжатта қаладағы өнеркәсіп аймақтарын, тұрғын аудандарды, инженерлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту және жасыл желекті аймақтарды көбейтудің жоспары көрсетілген.
Бүгінде Шымкент қаласында 19 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй қоры бар. Ендігі жерде жылына шамамен 2 миллион шаршы метр тұрғын үй салынып, 2035 жылға қарай қаладағы баспана қоры 50 миллион шаршы метрге жетеді деп жоспарланған.
«Шымкент келбеті»,
Фото: Серік ҚОСАЕВ.

Ұқсас ақпараттар

СПОРТТЫҚ РУХ КОМАНДАНЫ ШЫҢДАЙ ТҮСТІ

smarttop

БИЫЛ 65 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ ҒИМАРАТЫ ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру