9.3 C
Шымкент
Четверг, 23 октября, 2025
Smarttop.kz

ҮЙЛЕРДЕГІ ОЛҚЫЛЫҚТЫ МЕРДІГЕР ЖӨНДЕЙДІ

Шымкент қаласы Асар-2 шағынауданындағы үйлерден табылған олқылықтарды мердігер компания өз тарапынан қалпына келтіреді. Бұл туралы «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өкілдері мәлімдеді.
Elitar.kz ақпараттық сайтында Асар-2 шағынауданындағы үйлердегі олқылықтар туралы материал жарияланған болатын. Жауапты мамандардың мәліметінше, осындағы 3196А және 3196 учаскелердегі 5 қабатты он үйдің құрылысын «Корпорация Ақ ордасы» ЖШС жүргізген. Тапсырыс беруші – «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (ӘКК).
Үйлер 2020 жылы пайдалануға берілген. Материалда көрсетілген кемшіліктер бойынша ӘКК қызметкерлері, мердігер компания өкілдері және үй төрайымының қатысуымен жиналыс өткізіліп, тиісті акт түзілген. Нәтижесінде мердігер мекемеге кемшіліктерді биылғы 28 желтоқсанға дейін жөндеу бойынша тапсырма берілді.
Айта кетейік, пайдалануға тапсырылған бұл нысандарға келісім-шарт бойынша мердігер компания 5 жылдық кепілдік мерзім берген.

Ұқсас ақпараттар

ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЕСІГІНЕ ДЕЙІН ТАРТЫЛДЫ

smarttop

ТАСКЕНДЕГІ ТОҒЫЗ КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛУДЕ

smarttop

«Жер алып беремін» деп алдаған ер адам анықталды

smarttop

Пікір қалдыру