21.3 C
Шымкент
Среда, 22 апреля, 2026
Smarttop.kz

БЫЛҒАРЫ ҚОЛҒАП ШЕБЕРЛЕРІ ӨЗАРА МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ

Ақтөбе қаласында 11-18 желтоқсан күндері аралығында бокстан 2005-2006ж.т. жастар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Шымкент қаласының спортшылары Алпысбай Мейрамбек 46кг салмақта, Тілеумбек Жасұлан 57кг салмақта, ал Абдиллаев Алдияр 75кг салмақта 1-орынға ие болды. 2-орынға 54кг салмақта Жолдасбек Бек пен Бегалиев Санжар-Али көтерілді. Сонымен бірге, Сүлеймени Төлепберді 51кг салмақта, Қадырхан Айдар 54кг салмақта және Аслан Рамазан 75кг салмақта 3-орынға қол жеткізді.
Шымкент қаласының Жастар құрама командасының аға жаттықтырушысы Берік Серікбаевтың шәкірттері осылайша ҚР чемпионатында Шымкенттің намысын қорғап, бәсекелестерінен оқ бойы озық болды.

Ұқсас ақпараттар

«ТАРИХИ КҮНДЕР ТІЗБЕГІМЕН» ҚЫЗДАР ШЫҚТЫ САЙЫСҚА

smarttop

БИЫЛ 102 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНАДЫ

smarttop

Түркістан облысында салтанатты шеру өткізіліп, 50-ге тарта полицей марапатталды

smarttop

Пікір қалдыру